дырып алмайды» деп уәж айтады. Сенбеңіз. Егер дұрыс құлай білсеңіз,
қандай биіктен құласаңыз да, еш жарақат алмайсыз.
Аяқ астынан аяқ-қолы сынып, сіңірі созылып, не буындары орнынан
тайғанды адамның бейнеті деп айтқанмен, соққының қатты болуына өзіміз
де кінәліміз. Яғни, құлап бара жатып, жанталасып қолымен жер тіреп
қалуға тырысамыз. Нәтижесінде, дененің бар салмағы тірек болған қолға
түседі.
Мамандардың айтуынша, құлаудың үш түрінің зардабы болмайды. Олар –
ішпен түсу, бір бүйірлеп құлау және арқасымен жығылу. Барлық жағдайда
сіздің дұрыс шешім қабылдауыңызға небәрі үш секунд қажет. Яғни, қас-
қағым сәтте қол-аяғыңызды жинап, басыңызды қалқалап үлгеруіңіз керек.
Егер қолыңызда ауыр сөмке болса, лақтырып жіберіңіз. Сіз үшін де, сөмке
үшін де пайдалы екеніне сосын көзіңіз жетеді. Себебі, адамдар құлап бара
жатып өзінің халін емес, сөмкенің жайын ойлайды. Ақыры құлаған екенсіз,
онда орныңыздан тез тұрып кетпей, ауыр жарақат алмағаныңызға көзіңізді
жеткізіңіз. Жедел жәрдем шақыртып, дәрігер көмегіне жүгініңіз.
Достарыңызбен бөлісу: