Бейнематериалдан үзінді көріп ой бөлісу
- Сонымен рухани жаңғырудың құпиясы неде?
- Неліктен ұлттық мәдениетті сақтау керек?
Зерттеу мен талдау
А,В,С,Д дереккөздерімен өзіндік жұмыс.
(Дереккөздерін және біліміңізді қолданып, қазақ халқының дүниетанымы, ұлттық ділінің сақталуының қазіргі кезеңдегі маңызын түсіндіріңіз.
(Дереккөздерді және біліміңізді қолданып, қазіргі заманда қазақ халқының рухани-адамгершілік құндылықтарын, салт-дәстүрлерін не үшін жаңғырту қажеттігін түсіндіріңіз.
«Қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениеті – ұлттық коды», - дейді ҚР тұңғыш Президенті Н.Назарбаев. Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Ойыңызды дәйектеп, ой толғаныс жазыңыз.
(Бұл тапсырма оқушылардың талдау, жинақтау, білімін қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған)
дескрипторларға сәйкес өзара бағалау немесе өзін өзі бағалауды қолдануға болады. (с) тапсырмасы сонымен қатар, оқушылардың білімін интерпретациялауға мүмкіндік жасайды.
|
Оқушылар деректерді оқып және білімін қолданып рухани құндылықтардың маңызын түсіндіріп, фактілер келтіреді;
Оқушылар рухани құндылықтарды сақтаудың қажеттілігін негіздейтін бірнеше дәйектер келтіреді, фактілер келтіреді;
|
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
Дескрипторлары:
Деректерді оқып және білімін қолданып рухани құндылықтардың маңызын түсіндіріп, фактілер келтіреді;
Деректерді оқып және білімін қолданып рухани құндылықтарды сақтаудың қажеттілігін негіздейтін бірнеше дәйектер келтіреді, фактілер келтіреді;
Ұсынылған пікірді жақтау не жақтамау себептерін түсіндіретін дәйектер келтіріп, ой толғаныс жазады.
|
Кері байланыс
|
Сөйлемдерді жалғастырыңыз:
... өз көзқарасымды өзгерттім.
мен ... туралы көп білдім.
мен ... таң қалдым.
мен ... сезіндім.
|
Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады
|
Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды
|
А4, конспект
|