Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сейлбекова А.Н.
|
Пән/Сынып: 10
|
Қазақстан тарихы, 10 сынып.
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
Қазақ халқының шығу тегі
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Қазақтардың ру-тайпалық құрылымының ерекшеліктері (2 сабақ)
|
Оқу мақсаты:
|
10.2.2.4 -қазақ көшпелі өркениетінің ерекшеліктерін ескере отырып, туыстық принциптердің және рулық құрылымның функционалдық маңызын түсіндіру;
|
Сабақ мақсаты:
|
Қазақ қоғамындағы ру-тайпалық құрылымның ерекшеліктерін анықтау, рулық құрылымның атқаратын қызметінің маңызын айқындау
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушы
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
1 минут
|
Ұйымдастыру
|
Сабаққа назарын аудару. Сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
Бүгінгі сабақта
Сенің білетінің:
Дәстүрлі қазақ қоғамының рулық құрылымының ерекшелігін айқындау
Туыстық принциптердің маңызын түсіну
Қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуін талдау
Кілт сөздер: әлеуметтік жіктелу, ақсүйек,сұлтан, қожа, би,бай, батыр, ақсақал
|
Сабақтың мақсатымен танысады.
|
|
Слайд
Оқулық
Таратпа материалдар
|
5-6 минут
|
Жаңа сабақ
|
Туыстық қағидасы мен рулық құрылымның маңызы. Көшпелілердегі әке жағынан туыстыққа негізделген ру-тайпалық жүйенің өмір сүруінің басты себебі – ақпарат пен меншікті әкеден балаға беріп отыруында. Көшпелі малшы болуүшін табиғи құбылыстар туралы қажетті ақпараттың бәрін білу қажет. Ал бұл білімді тек ата-бабалардан ғана алуға болатын еді. Білім жиналды, сақталды және ұрпақтан ұрпаққа берілді. Көшпелілер әлемінде әрбір адам міндетті түрде өз руына, ал ру арқылы тайпаға тиісті болды. Ол ру тайпалық жүйеден тыс әлеуметтік тұлға ретінде өмір сүре алмады. Сондықтан румен байланыс көшпелілер үшін әрқашанда өте маңызды болды.
|
Жаңа тақырыпты меңгеру барысында алған білімдерін талдайды.
|
|
Слайд
Оқулық
Таратпа материалдар
|
6 минут
|
Тәжірибе
|
1-тапсырма. Эссе. «Туыстық қағидасы мен рулық құрылымның маңызы» тақырыбына 50-7О сөзден тұратын эссе жазыңыз.
Дескриптор: Білім алушы:
Ойларын нақты жеткізу;
Тақырыптың маңызын ашу
2 – тапсырма. Сұрақ-жауап әдісі.
Көшпелілерде ру-тайпалық ұйым неліктен сақталды?
Ауызша тарих айтудегеніміз не?
Жетісу көшпелілері неліктен неғұрлым қысқа қашықтыққа көшіп қонды?
Ұлыстар дегеніміз не?
Дескриптор: Білім алушы
Сұрақтарға нақты, дұрыс жауап береді.
|
Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру
Дескриптор
ларды қолдана отырып тапсырмаларды орындайды.
|
Бағалау критерийлерін ұсыну
|
Слайд
Оқулық
Таратпа материалдар
Слайд
Оқулық
Таратпа материалдар
|
1 минут
|
Қорытынды.
|
Үй тапсырмасы. Тақырыпты түсініп оқу
|
|
|
|