Жазушының өз заманының көз алдындағы тарихи маңызы зор, аса іргелі шындығын жазуы, қара сөзден өз заманының қайтпас қайсар ұланының, қаһарманының көркем мүсінін сомдауы – әдебиет тарихында өте сирек кездесетін ерекше құбылыс. Баққожа Мұқаи «Өмірзая» романында өз заманының саяси-әлеуметтік, тарихи маңызы зор, мәні үлкен аса іргелі, өзекті шындығын суреттеді, заман қаһарманының образын жасады. Шығармашылық еңбек жолында мұндай нәтижеге жеткен жазушы да тарихта өте сирек. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кеңестік қоғамның тоқырау дәуірінде ұлттық идея, ұлттық тәуелсіздік идеясы жолында еңбек етіп, бейнет, қиындық көрген, қанша азап көрсе де өмірлік ұстанымынан таймаған, алған бетінен қайтпаған, елдің тәуелсіздігі үшін өмірін қиған, жанын пида еткен замандас образын жасау – жазушының көркемдік және ұлттық құндылықты жан-жақты ашып, жазудағы шығармашылық жетістігі».
Контекст тіл білімінде – тілдік тұлғалардың мағынасын айқындайтын сөздік орта. Тілдегі сөздердің бірсыпырасы көп мағыналы болып келеді. Ондай сөздердің қандай мағынаны білдіріп тұрғаны сөйлем ішінде, басқа сөздермен байланыста қолданылғанда айқындалады. Мысалы, “Қайық екі буыннан құралған сөз”, немесе “Оның аяғына жасалған операция сәтті болды” деген сөйлемдерде “буын”, “операция” сөздері бір түрлі мағыналарды білдірсе, “Қолымның буындары ауырады”. “Соғыс операциясы аяқталды” деген сөйлемдерде екінші түрлі мағыналарды білдіреді. Бұл сөздердің қандай мағынада қолданылғаны олардың айналасындағы басқа сөздерден байқалып тұр. Бұл –