Сабақ жоспары
Пәні: Логопедия
Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы: Б-п дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Б дыбысы және әрпін туралы түсінігін толықтыру.
фонематикалық қабылдауын, байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын арттыру, зейін, есте сақтау қабілетін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Кіріспе
Сәлемдесу тренингі /Жылулық шеңбері/
2. Өткенді қайталау
Үй жұмысын тексеру
ІІ. Емдік уқалау
Бет бұлшық еттерін босаңсытып, ауыз қуысына арналған емдік уқалауды жасап, тілдің қимыл-қозғалысын жақсарту.
ІІІ. Тыныспен жұмыс
«Түтікше», «күрекше», (шар үрлеу, сыбызғы ойыншықтарын үрлеу)
Мұрынмен терең дем алып, ауыздан дем шығару.
Ауызбен терең дем алып, мұрыннан дем шығару.
ІV. Артикуляциялық жаттығулар (тапсырманың бағалануы)
Айна алдында мимикалық, ерінге, тілге арналған жатығулар жасау. «Барабан», «ат шауып келеді», «тіс тазалау», «футбол», «тәтті тосап», «грибок-гормошка», «заборчик-трубочка», «алтыбақан», «жылан», «блинчики», «тарақ», «шар», «тостағанша», «сылақшы», «маса», «сағат тілі».
V.Фонематикалық естуін қалыптастыру бойынша жұмыс.
«Дыбысты ұста» ойынын бірге ойнауды ұсынады.
Б-п дыбыстарын естігенде, қолыңды шапалақта
а, ж,б, ә,п, ғ,б,д, п, г,б з, ч,п, м, б, ө,п, е б, ғ, т,п, ш,б,л,п.
буында табу
га,өз, па, жа, ба үл, би, ал, бе, ле, пу, да , бу, ал, ер,бо, ек, еп, до, пы, қу, су, пе.
VI.Суретпен жұмыс
Б-п дыбыстары бар суреттерді анықтайды және жазады
VII. Буын жалғастырып, жаңа сөз тудыру.
ба -…, бо-.., пе -…, па -…,
бала, балапан, бақа, балта, батыр, ботқа, Болат,
перде, пері, парта, апа.
VIII. Сергіту сәті
Бойды сергек тік ұста,
Емін - еркін тыныста.
Оң қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада,
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.
ІХ. Сөздегі жоғалған дыбысты тап \Б-п дыбысы\
..алта, жол..арыс, дом..ыра, ар..а, ..атыр, ек..же.
..ерде, ..ері, ..арта, а..а, ақ..ан.
Х. Суретті сөйлемдерді оқы
инелі жануар. Дастан ойнағанды жақсы көреді. күні жаңбыр жауады.
ХІ. Жаңылтпаш
Бұл бір піл,
Бұл бір ірі піл.
ХІІ. Қорытынды
Бүгінгі сабағымызда қай дыбыстар туралы әңгімелестік?
Б-П дыбыстарынан басталатын сөздерді аташы.
Сабақ саған ұнады ма?
Үйге тапсырма: айна алдында артикуляциялық жаттығуын жасау, Б-П дыбыстарын буында,сөзде және сөйлемде бекіту.
Достарыңызбен бөлісу: |