Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.
Оқу нәтижелері:
- Ата - ана жасөспірім бала бойындағы болып жатқан физиологиялық, психологиялық өзгерістерді түсінеді, баламен үнемі ашық сөйлесіп отыру қажеттігін ұғады.
Негізгі идеялар:
Тәрбиелі бала - бақытты кәрілік
1. «Танысу» жаттығуы ІІ.Топқа бөлу ІІІ.«Ротация» әдісі IV. Ситуациялық сұрақтар: «Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы Кері байланыс Қорытынды
-Тренинг « Шаттық шеңбері» Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық
Уықтар боп иіліп
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.
Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.
1. «Танысу» жаттығуы: Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Сайрангүлмін. Ал, мен ақкөңіл Анармын.... Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық.
Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді.
ІІ.Топқа бөлу От, Су, Күн, Ай суреттері арқылы топқа бөлу (2 мин)
Топ мүшелеріне мінездеме
От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар.
Су. Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар оқушылар.
Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ.
Ай. Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек, батыл жандар.
ІІІ.«Ротация» әдісі -Топтық жұмыс
Үш топқа тақырып беріледі.
Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.
I-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.
II-топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.
III-топ. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек
ІV- топ. Әр бала бақытты болуы үшін не кажет?
(Ұсынылған проблема бойынша топтар әртүрлі түс маркерімен постерге дәлелдемелер арқылы білдіреді. Белгі берумен сағат тілі бойынша постерлерді алмастырып отырады).