Бөлім:
|
7-бөлім Бұқаралық ақпарат құралдары
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Елемесова Аружан Қанатқызы
|
Күні:
|
24.02.2023ж
|
Сынып:
|
9 «Г» Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Бұқаралық ақпарат құралдары
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
9.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып,бірнеше графиктік мәтіндегі(диаграмма,кесте)деректерді салыстыру,маңызды тұстары мен үрдістерді(тенденция)анықтап жазу;
9.4.4.3 сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу,түрлендіріп қолдану;
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар орындай алады:
Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін,құрылымын,тілдік ерекшелігін салыстыра талдай алады; Сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата біледі, түрлендіріп қолданады.
|
Сабақ кезеңі/ Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
|
1)Ой шақыру.Жасырынған сөзді тап.
2)Топқа бөлу
3)Бағалау парағы таратылады.
4) Оқу мақсаты айтылады.
|
Оқушылар тренигке қатысып,топқа бөлінеді.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағына-да білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталан-дыру. Бағалау ерекшеліктері туралы еске түсіру, дескрипторды таныстыру.
|
Карточка
|
Алдыңғы бөлім
|
Үй тапсырмасы тексеріледі
|
Үй жұмысын оқиды.
|
|
|
|
|
|
|
|
ОҚЫЛЫМ АЛДЫ
3мин
|
№2-тапсырма:Жаңа сөздікпен жұмыс
Төртінші билік - өз ықпал ету күші биліктің басқа тармақтары - заң шығару шы, атқарушы және сотбиліктерімен бір қатарға шыққан баспа, радио, теледидар, бейне және ұнтаспа жазу құралдары мен оларды ойнатудың бейнелі атауы.
Сары пресса- «Сары басылым» - бұл өте төмен баға бойынша таратылатын, сенсация , дау-дамай, танымал адамдардың өмірі туралы спектакльге маманданған баспа.
-Мүдде - қоғамдағы әлеуметтік субъектілер іс-әрекетінің, өмір сүру бағдарының негізі, ішкі қозғаушы күші.
|
Оқылым мәтінінде кезедесетін сөздерді жазып алады.
|
Дескриптор:2 балл
Жаңа сөздікпен танысады 1балл
Жаңа сөздерді жазып алады 1 балл
|
Оқулық
|
ОҚЫЛЫМ КЕЗІНДЕ
5мин
|
Оқылым мәтіні жіберіледі..
|
Оқушылар 2-тапсырма бойынша мәтінді бөліп оқиды.
|
|
Оқулық
|
ОҚЫЛЫМНАН СОҢ
15 мин
|
№7-тапсырма.Мәтін мазмұны бойынша БАҚ құралдарының қызметін және маңыздылығын сыбаға түсір.Сөзіңде сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін қолдан.Оны қажетті интонациямен жеткіз.
1-топ: Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
2-топ: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
3-топ: Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
4-топ: Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем кездесуі қажет.
|
БАҚ құралдарының қызметі мен маңыздылығын сызбаға түсіреді.
|
Дескриптор: 3 балл
БАҚ құралдарының маңызын жазады 1 балл
БАҚ құралдарының қызметін жазады 1 балл
Сабақтас құрмалас сөйлем түрлерімен жұмыс жасайды 1 балл
|
Постер
|
ЖҰПТЫҚ ЖҰМЫС
7мин
|
№4-тапсырма. Ақпаратты нақтылап сұрақтарға жауап беріңіз.
1)Ақпараттық заманда БАҚ адамзатқа қалай әсер етеді?
2)Қазіргі қоғамға әсер ететін және жанама түрде тәрбиелейтін не?
3)Бүгінгі БАҚ құралдарының неше қызметі бар?.
|
Сұрақтарға жазбаша түрде жауап береді.
|
Дескриптор: 3балл
Ойын жүйелі жеткізеді 1 балл
Пікірін дәлелдейді 1балл
Ынтымақты қарым-қатынас жасайды 1балл
|
Оқушы дәптерлері
.
|
ЖЕКЕ ЖҰМЫС
5мин
|
№5-тапсырма. “Попус формуласы”
БАҚ құралдары адамдарға үздіксіз ықпал етудің тиімсіз көзі…..
|
Оқушылар тақырып бойынша сөйлем 4 сөйлем құрайды.
|
Дескриптор: 2балл
Жүйелі сөйлем құрайды 1 балл
Тақырып қажеттілігін негіздейді 1балл
|
Оқушы дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Рефлексия
5 мин
|
«Мұғалімге хат» әдісі.Бүгінгі сабаққа пікір.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
|
Жеке жұмыс: Сабақ саған ұнады ма?
Қандай әсер алдың?
Не қиын болды?
Оқушылар осы сұрақтарға жауап береді.
|
Оқушыларға кері байланыс сараптау түрінде беріледі.
1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
|
|