Төменгі сыныптарда Б.Момышұлының әңгімелерін оқиды.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері
Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер
Ресурстар
Сабақтың басы 0-4
5-6
1. Ми шабуылы. Дана халқымыздың «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген қанатты сөзінің астарында не жатыр? (өмір шындығы, қазақы философия)
2. Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.
МД слайд
1-таратпа
Сабақтың ортасы 7-8
9-10
11-20
21-27
28-30
3. Жаңа сабақты меңгерту. а)Автор туралы қысқаша мәлімет беру.
Бауыржан Момышұлының жауынгерлік, қолбасылық, шығармашылық ғұмырының мағыналы болуының сырын ұшқан ұя, өскен ортасымен байланыстыруға болады. Әжесінің бесік жыры мен әлдиін тыңдап өскен, үлгі-өнеге, ақыл-кеңестерінен нәр алған батыр Бауыржан қазақтың мақтанышына айналды.
ә) https://bilimland.kz/kk/courses/
audiochrestomathy/11-synyp/proza/lesson/18-bauyrzhan-momyshuly-ushqan-uya-romany-5
сілтемесі бойынша «Ұшқан ұя» мемуарлық романы туралы аудиомәтінді тыңдатуға болады.
Ж/Т. Оқушыларға шығарманың алғашқы тарауы бөлініп беріледі. Үзіндіні белгіленген уақытта оқып болғаннан кейін «INSERT» (түртіп алу) кестесімен жұмыс жасайды. Әуелі бірінші бағанын, қалғанын рет-ретімен толтыруы сұралады.