(Ұ). «Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі «Қайдан?», «Қалай?», «Қандай?» сұрақтары беріледі.
Қандай? Презентацияға ақпарат іздеуде Интернетті тиімді қолданудың қандай жолдарын білесің?
Қалай?Компьютерде презентация үшін ақпаратты қалай іздеуге болады?
Қайдан? Интернеттен басқа қайдан ақпарат алуға болады?(1-сурет)
(Ұ) Сөздікпен жұмыс: Түртіп алу.
Баптау - Настройка – Тuning;
Бетбелгі – Закладка - bookmark
Мақсаты: Жаңа сабақта кездесетін сөздіктермен танысады. Бұл үш тілділік білім беру жүйесіне өз септігін тигізеді. Тиімділігі: Балалар үш тілділікке дағдыланады.
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
(Ұ) Компьютермен жұмыс. Тапсырма: Интернетті іске қосып, Google Chrome браузерін ашыңдар. «Қоршаған ортаны қорғау мәселелері» тақырыбында қажетті ақпаратты ізде.
Ол үшін:
Іздеу серверін таңда. Мысалы, yandex.kz іздеу алаңына «Қоршаған орта мәселелрі» тақырыбын жазып, іздеуді жүзеге асыр. (1-сұлба. 3-әдіс).
Қажетті деп тапқан сайттарды Google Chrome браузерінің Бетбелгісіне(Закладка)қос (5-сурет). Ол үшін, браузерінің оң жақ жоғарғы бұрышындағы Настройка браузера...-Закладка командаларын орында (4-сурет).
Қажеттісайт адресі браузердің пайдаланушыға қолжетімді жеріне орналасқанын көресің.