Сабақтың басы
|
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Психологиялық ахуал қалыптастыру. Оқушыларға «Қазіргі кездегі әлемнің соңғы жаңалықтарынан хабар бер!» командасы беріледі.
3.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
4. Өткен тақырыптарға шолу (сұрақ-жауап)
|
1. Амандасады.
2. «Қазіргі кездегі әлемнің соңғы жаңалықтарынан хабар бер!» командасы бойынша әрқайсысы жеке-жеке өзі оқыған немесе әлеуметтік желіден көрген жаңалығымен бөліседі.
3. Сабақтың тақырыбымен танысады, сабақ мақсатын айқындайды.
4. Сұрақтарға жауап береді.
|
1 балл
|
Оқулық, презентация
|
Сабақтың ортасы
|
Тақырып презентация арқылы түсіндіріледі. Оқушыларға бір өлшемді массив элементтерін Python программалау тілінде енгізу жолдары көрсетіледі.
термин екенін табу керек.
Массив - массив – array
Деректер типі – Типы данных – Data type
Индекс – Индекс – Index
Элемент – Элемент – element
Үтір – Запятая – coma
Қол жеткізу – Доступ – To access
Орын ауыстыру – Замена – Swap
1-тапсырма. Кестедегі мәліметтерді назарға ала отырып,
arr = [2, 3, 5, 7, 11]
print('Барлық тізім:', arr)
print ('Алғашқы екі жай санның қосындысы:', arr [0] + arr[1])
print ('Тізімдегі ең соңғы жай сан:', arr [-1])
программаның нәтижесін өз бетінше анықта.
Дескриптор.
Программаны Python программасында тереді;
Программаның нәтижесін анықтайды;
2-тапсырма. Массивтің қосындысы А[N] массиві берілген.
Осы массив элементтерінің қосындысын тап.
Жауабы:
A=array("i") N=int(input())
S=0
A=[0]*N
for i in range(0,N):
A[i] = int(input())
for i in range(0,N):
if A[i] 0 :
S+=A[i]
print(S)
Дескриптор.
программасын құрайды;
программаның нәтижесін анықтайды;
3-тапсырма.
Программа кодынан 3 қатені тауып, программаның нәтижесін шығар.
from array import array
A=array("i")
N=int(input())
A=[0]*N
for i in range(0,N):
A[i] = int(input())
print(A[4:])
Дескриптор.
Бір өлшемді массивтің программа кодын Python программасында енгізеді.
Программа кодының қатесін табады.
Программа нәтижесін шығарады.
|
Оқушылар тыңдайды.
Оқушылар берілген тапсырманы орындайды.
Тапсырманы есептеп, программасын құрайды.
Программа кодына назар сала отырып, программаның қатесін тауып нәтижесін шығарады.
|
2 балл
3 балл
3 балл
|
Презентация
Python программасы
Python программасы
|
Сабақтың соңы
|
Wordwall платформасында берілген сұрақтарға жауап беру.
1. Массив ұғымын қалай түсінесің?
2. Массивті Python программасында қалай таныстырамыз?
3. Элементтерді ауыстыру дегеніміз не?
4. Массивте сандарды ауыстыру қай формулламен есептеледі?
Кері байланыс: Онлайн кері байланыс, сілтеме жіберіледі.
Үйге тапсырма: Бір өлшемді массив туралы қосымша ақпарат
|
Оқушылар платформада көрсетілген сұрақтарға жауап береді.
|
1 балл
|
Wordwall.net
|