Сабақтың тақырыбы: Бұл не? Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет2/2
Дата08.11.2022
өлшемі18,46 Kb.
#48474
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Бұл не

«Сұрақ-жауап» әдісі бойынша сөйлесу үлгісі жаттықтырылады. Сондай-ақ осы үлгі бойынша кітап сөзін басқа сөздер қатарымен (доп, текше, дәптер, қалам, қарындаш) алмастырып қолдануға жаттықтырады. Осыдан кейін оқушылардың назарын осы үлгінің сыпайы түріне (беріңізші) аударады. Оқушылардың берші, беріңізші, ал сөздерінің қолданысын толық түсінуі үшін мұғалім өзінің қасына бір оқушыны шақырады. Өзі бір затты, оқушы бір затты алады. Содан кейін бір оқушы мұғалімнен және қасында тұрған оқушыдан осы заттарды сұрап алуға тырысады. Осы арқылы оқушылар берші, беріңізші сөздерін дұрыс қолдана алуға жаттығады.
3-тапсырмада мұғалім оқушыларды белсенді сөздік қор қайталанатын тақпақпен таныстырады. Оқушылардың есте сақтауына жеңілірек болуы үшін қайталату кезінде кітап, дәптер, қаламды қолданылуына қарай көрсетіп тұруға болады.
Сондай-ақ диалог түрінде жаттатуға болады (екі оқушы немесе мұғалім/оқушылар болып бөліп айта алады).
Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№1 жұмыс дәптері).
1-тапсырмада берілген сызықтарды бастыру, аяқтап сызу арқылы оқушылардың қалам, қарындашты дұрыс ұстай білу, ұқыпты бастыру, сызу дағдыларын дамытуға көңіл бөледі.
2-тапсырмада тыңдалым әрекеті жүзеге асырылады (1.3.2).
Ең алдымен оқушылардың назарын суретке аударады, содан кейін тыңдалым тапсырмасының орындалуы түсіндіріледі.
Мұнда оқушылар тыңдаған сөзді түсінуі, түсінгенін белгі қою арқылы көрсете білуі қажет.
Дәптердегі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
Оқушыларға электрондық қосымшада берілген тапсырма шартын түсіндіреді. Тапсырма арқылы мұғалім оқушыларды өз бетінше жұмыс істей алуға үйретеді. АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

1-тапсырмадағы үлгі бойынша доп, текше, дәптер, қалам, қарындаш сөздерімен танысады, сөздерді тыңдайды, қайталайды. «Бұл не?» деген сұраққа жауап береді.

Үйренген сөйлесу үлгісін жұптық жұмыста бекіте түседі.


Бірінші оқушы бір затты көрсетіп, сұрақ қояды («Бұл не?»), екінші оқушы жауап береді. Содан кейін екінші оқушы сұрайды, бірінші оқушы жауап береді.
Өтініш үлгісін тыңдайды, қайталайды, үлгі бойынша сөйлеседі.
Сыныптағы оқушылар бір-бірінен қандай да бір затты сұрап алуды үйренеді.

Берілген үлгі бойынша мұғалімнен қандай да бір затты сұрайды.

3-тапсырмадағы тақпақты тыңдайды, хормен және жеке-жеке қайталайды. Мұғалімнің тірек заттарды көрсетуі бойынша тақпақты жатқа айтуға жаттығады.
Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.

Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды.


1-тапсырмада сызықтарды ұқыпты бастырады, өз бетінше сызады.


2-тапсырмада оқушылар аудиодиск бойынша үш сөйлемді тыңдайды:


Бұл – кітап.
Бұл – қалам.
Бұл – дәптер.
Ақпаратты дұрыс түсінгенін дәптердегі кітап, қалам және дәптердің суретінің қасына + қою арқылы көрсетеді.

Электрондық қосымшада берілген тапсырманы орындайды. Тапсырманы орындау арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.



Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.

Оқушылардың жұмысы «Шапалақтау» әдісі бойынша бағаланады.

Оқушылардың дәптердегі жұмысы стикер жапсыру немесе смайл қою арқылы бағаланады


Оқулық Аудиодиск: 1.3.1; 1.3.2; 1.3.3.

Қажетті заттар: доп, текше, кітап, дәптер, қалам, қарындаш.



№1 жұмыс дәптері
Аудиодиск_ Дәптер: 1.3.2
Қосымша тапсырма: 1.3.

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатады.

Өздерінің сабақта қалай жұмыс істегендерін бағалайды, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

Оқушылардың жұмысы «Бағдаршам» әдісі бойынша бағаланады





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет