Пайдаланған әдебиеттер: Негізгі: 1.Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Лесбеков Р.Б. Алматы, 2007
2.Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Смайл М. Талдықорған, 2008
3.Спорттық физиология. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы ТайжановС.Қ.2006
Қосымша: 1.Спорттық физиологияның әдістері. Қазақ спорт және туризм академиясы. Әдістемелік құрал. Қарақов А.2007
2.Бұлшықет жиырылу механизмі. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы 2008
3.Спортивная физиология: Учебник для институтов физической культуры. Я.М.Коша, М.ФиС 2010
№21 Лекция
Сабақтың тақырыбы: Тиімді қимыл тәртіптері
Сабақтың жоспары:
1.Дене жүктемесінің тиімді көлемі. 2.Сауықтыру дене жаттығуларының негізгі түрлері: гимнастика, сауықтырулы жүру, сауықтырулы жүгіру, шаңғы тебу, жүзу, ойындар, туризм. 1.Гимнастиканы спорттың әмбебап түрі деп атауға болады. Онымен айналысқанда дененің барлық бұлшық еттері үйлесімді дамиды. Снарядта (қондырғыда) орындалатын жаттығуларда қол мен кеуде бұлшық еттерінің күші дамиды, тіректік секіруде және еркін жаттығуларда аяқ бұлшық еттерінің жылдам-күштік қасиеті дамиды, сонымен қатар буындарда икемділікті анықтайтын бұлшық еттердің созылуы жоғарылайды. Бөренеде орындалатын жаттығуларда, еркін жаттығуларда тепе-теңдік жетілдіріледі. Әр түрлі жаттығулар бас пен кеудені кеңістікте тік қалпында емес, төмен қарап немесе еңкейгенде кеңістікте дененің әр түрлі қалпында қимылдарды дәл басқаруды талап етеді. Әр түрлі айналу қимылдары кіреберіс аппаратының адекватты тітіркендіргіштер әсеріне тұрақтылығын дамытады. Акробаттық элементтер және снарядтан секіру уақыт пен кеңістікке қатысты қозғалысты басқаруды қиындататын тірексіз қалыппен байланысты.
Энергетикалық жағынан гимнастика циклді қозғалыстардан кейінгі орынды алады. Бұл гимнастикада үзіліс, статикалық кернеу, тыныс алуды шектеудің болуымен байланысты. Сондықтан жоғары дәрежелі гимнаст спортшыларда оттегі тұтыну шегінің деңгейі спорттың циклді түрімен айналысатын жоғары дәрежелі спортшыларға (5-6л/мин) қарағанда төмен (4л/мин). Снарядта орындалатын жаттығулар комбинациясының ұзақтығы 30-40 секундтан аспайды және еркін жаттығуларда 50-60 секундқа жетеді. Сондықтан мұндай жаттығулар субмаксималды қуаттағы жұмысқа жатады және гликолиздік оттегі қарызымен байланысты. Комбинация кезіндегі оттегі тұтыну онша жоғары емес, тек ұзақ еркін жаттығуларда минутына 2 литрге жетеді
Тыныс алу спорттық гимнастика кезінде бір қалыпты емес, тыныс алудың тоқтауымен және күшенумен байланысты, ол өкпенің ауа алмасуын шекгтейді, бірақ оны дұрыстауға болады. Ол үшін гимнаст спортшыны жоғары бұлшық ет күшін қажет ететін қозғалыс кезінде дем шығаруды, күшті онша қажет етпейтін қозғалыс кезінде дем алуды жетілдіруге үйрету керек.
Гимнастикада қимылды басқару ең алдымен қимылдың күрделі үйлестігінің талаптарымен анықталады. Жоғары кеңістіктік дәлдік қажет. Ол әсіресе снарядта орындалатын жаттығуларда жоғары болады. Көзбен дәлдеу үлкен мәнге ие, бірақ дағдыланып игеру кезінде жетілгендігі соншалықты жоғары, тіпті кейбір дәл қимылдар (құрсау, доп) кез бақылауынсыз орындалады.
Үлкен секірулерді орындау кезінде аяқ бұлшық еттерінің жылдам-куш жұмысы үлкен мәнге ие.
Тек секіру кезінде емес, сонымен қатар жерге түскен кезде де қимылды дәл басқару қажет. Бірінші жағдайда одан гимнаст спортшы денесінің көтерілу биіктігі мен қашықтығы байланысты, екіншіден жерге түсудің жұмсақтығы байланысты.
Дененің икемділігіне жоғары талаптар қойылады. Одан иық және жамбас-сан буындарындағы, омыртқадағы қимыл амплитудалары (жиілігіне) байланысты. Гимнаст спортшының буынындағы икемділігі тек тірек жағдайында емес, көтерілу кезінде де қолданылады. Яғни, бұл бұлшық еттердің созылуы ауырлық күшінің әсерінең - енжар емес (бұл спорттық гимнастиканың еркін жаттығуларында жиі болады), ол антагонистік бұлшық еттердің тез жиырылу әсерінен белсенді түрде болады.
Көркемдік гимнастиканың жаттығулары шеберлердің орындауында салыстырмалы үлкен энергия шығынымен байланысты. Жарыста өнер көрсету кезінде жүрек соғу жиілігі минутына 180-200 рет болады. 2 минут ұзақтықтағы көркемдік гимнастиканың комбинацияларын субмаксималды қуат аймағына жатқызуға болады. Яғни, бұл жұмыс едәуір оттегі қарызымен байланысты. Эксперименттік зерттеулер мәліметі бойынша көркемдік гимнастиканың комбинацияларын орындау кезіндегі оттегі қарызы 4,1 литрден асады. Осыған байланысты физиологиялық жүктеме дәрежесі бойынша көркемдік гимнастика спорттық гимнастикамен пара-пар деп санауға болады.