Анықтамаларды дұрыс айтқызу арқылы қазақ тілі пәнімен байланыстырамын.
Сергіту сәті арқылы дене шынықтыру пәнімен байланыстырамын.
Алдыңғы білім
Жай бөлшектерге, ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
10 мин
Оқушылармен сәлемдесу (С) «Уақыт шеңбері» әдісімен «Жиын» тарауын қайталап өтемін.Оқушыларды шеңбер қылып құрғызамын. Доп беру арқылы сұрақ қоямын. Дұрыс жауап берген оқушыларға смайликтер беріп бағалап отырамын. Оқушылар доп арқылы сұрақтар қояды, жауап берді.
Бағалау:смайликтер арқылы
(М) Асықтар көмегімен төрт топқа бөлу.
(М) Өзін-өзі бағалау бетшелерін беру, сабақтың кезеңдерімен таныстыру;
«Пайыз» тақырыбын жазып, оқушыларға сұрақ қоямын. Оқушылардан берілген сөзді қашан және қалай кездестіргенін сұраймын. Тауар бағасына қатысты жеңілдіктер, банктегі пайыздар, сүт өнімдерінің майлылық пайызы және т.б. аналогиялар келтірімін. Оқушыларды көрсетілген пайыздар бүтін саннның бөлігі болатынын түсінуіне бағыттаймын. «Пайыз» түсінігін тұжырымдауды ұсынамын. Анықтама: Пайыз деп санның жүзден бір бөлігін айтады. «%» белгісімен белгілейді. Оқушыларға пайыздың анықтамасына сүйеніп, 4%-ды жай бөлшек түрінде, яғни 4% = ; сол сияқты 27% = жазуды ұсынамын. Пайызды бөлшек түрінде жазуда сөйлеу дағдысын қалыптастыруға назар аударамын «1 пайыз – санныңжүзден бір бөлігі, сондықтан 4 пайыз – санның жүзден 4 бөлігі, яғни 4% = » Оқушылармен пайызды бөлшек түрінде жазу ережесін тұжырымдаймын: «Пайызды бөлшек түрінде жазу үшін, пайыз санын 100-ге бөлу керек». Бөлшекті пайызбен жазу кері амал болып табылады, яғни «Бөлшекті пайыз түрінде жазу үшін, оны 100%-ға көбейту керек». 50% - жартысы, 25% - ширегі, 10% - оннан бірі, 1% - жүзден бірі болатынын айтып өтемін. Бөлшектерді пайызға айналдыру және кері өрнектеу дағдысын қалыптастыру үшін, «Тізбек» әдісі бойынша келесі жұмысты ұйымдастырамын. Мысалы: бір оқушы кез келген сыныптасына өз қалауымен пайызды атайды. Ал сұрақ қойылған оқушы пайызды бөлшекке айналдырып, келесі сыныптасына өзі таңдаған пайызды айтады. Жұмысты барлық оқушылар қамтылғанша жалғастырамын.