Пәнге қатысты лексика және терминология: Бұрыш,градус,радиан, шеңбер, радиус ұзындығы,центрлік бұрыш,шеңберің доғасы,, сан,радиандық бұрыш.
Диалогтар және жазу үшін керекті тіркестер: -Оң және теріс бұрыштар дегенді қалай түсінесіңдер?
-Бұрыштың радиандық және градустық өлшемдерінің арасында қандай байланыс бар?
-Толық бұрыш жалпы түрде қалай беріледі?
-Бір радиандық бұрыш деген не?
-Шеңбердің радиусы дегеніміз не?
-Центрлік бұрыш деген не?
-Доға ұзындығы неге тең?
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы Қызығушы-лықты ояту.
Ұжымдық жұмыс.
3 мин.
Ұйымдастыру: -Оқушылармен амандасу, сынып оқушыларын түгелдеу.
Топқа бөлу: Оқушылар бұрыш, радиан, градус деген сөздер жазылған түрлі түсті қима қағаздар таңдау арқылы топтарға бөлініп отырады;
Ітоп:«Бұрыш»,
ІІ топ:«Радиан»,
ІІІтоп:«Градус»
Топтар топ ережесін сақтайды , өз қалаулары бойынша топ ішінен топ басшы сайлайды,топ басшы топ мүшелерінің сабаққа белсенді қатысуын қадағалайды.
Үй тапсырмасын тексеру:Тақтада тапсырма дұрыс жауабымен көрсетіліп тұрады.
Шаттық шеңберін құрып «Өзіңе тілегенді,өзгеге тіле»! әдісі арқылы бір-біріне тілек айтып,жақсы көңіл күй сыйлайды.
Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.