2-сұрақ.Түйіндеме ұғымы, бөлімдері
Түйіндеме (Резюме) француз тілінен алынған термин. “Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні” деген мағына береді.
Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.
Түйіндеменің ерекшелігі – үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.
Түін үшін қажетті мәліметтер:
Азаматтық хал-жағдайы: ата-жөні, туған жылы, айы, күні, туған жері, азаматтығы, ұлты, отбасы жағдайы, мекен-жайы, телефон нөмірі.
Білімі. Жоғары немесе орта арнаулы оқу орнының аталуы, дипломда көрсетілген деректер.
Кәсіби тәжірибесі және кәсіби біліктілігі.Мамандығы, негізгі мамандығы бойынша жұмыс істеген органдары, еңбектегі табыстары, ғылыми атағы мен ғылыми дәрежесі.
Қосымша мәліметтер: тілдерді білу,спортқа қатысы, компьютерде және Интернет бағдарламаларында жұмыс істей білуі, қызығушылығы.
Жиналған мәліметтерді резюмеде берудің екі жолы бар: хронологиялық және фунқционалдық..
Хронологиялық тәсіл. Алдымен қазір істеп жүрген жүмысыңыз көрсетіледі де, ары қарай Хронологиялық ретпен жазылады. Яғни, соңғы орында сіздің бірінші жүмыс орныңыз, я болмаса бірінші аяқталған оқу орны жазылады. Егер сіздің жұмыс стажыңыз көп болса, алдымен косіптік жолыңьтзды көрсеткеніңіз дүрыс. Ал оқу орньш жаңа аяқтаған, қызметті жаңа бастағалы түрган адам оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы мәселені негізгі назарда үстайды.
Функционалдық тәсіл. Бүл тәсіл білімі мен біліктілігі, жүмыс тәжірибесі мол адамға лайықты. Мүнда жүмыс стажы кері Хронологиялық ретпен беріледі де, одан кейін білімі жайлы мәліметтер көрсетіледі. Егер бір мекемеде бірнеше жыл қатарынан істесеңіз, онда жүмысыңыздың жалпы сипаты өзгермегенде болса, бәрін тізіп жатпай-ақ, қысқаша жазуға болады. Мысалы, "1991-1999 жылдар аралығында Машина жасау заводында экономист, аға экономист, директордың орынбасары қызметтерін атқарды".
Соңғы жүмыс орнынан немесе жеке адамның атынан алынган кепілдеме болса, оның бар екендігі резюмеде бір сөзбен айтылу керек. Қажет деп тапқан жағдайда ол резюмемен бірге тапсырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |