Окуляр екі линзадан тұрады – жоғарғы (көздік) және жинақтаушы, олар нысананың объективтен берілетін бейнесін қарауға мүмкіндік береді, яғни, лупаның қызметін атқарады. Окуляр 5, 7, 10, 12, 15 және 20 есе ұлғайта алады, оның ұлғайту күші жиектеменің сыртында көрсетіледі, мәселен 15×. Окулярдың ұлғайту күші оны құрайтын линзалардың фокустық ара қашықтығына байланысты болады, неғұрлым линзалардың ара қашықтығы жақын болса, соғұрлым окулярдың ұлғайту күші артады, немесе керісінше. Сондықтан ұлғайту күші жоғары окуляр - қысқа, ал әлсіздері – ұзын болып келеді.
Жарық бергіш қондырғыға айна және заттық әйнек астына орнатылатын