1. Ұйымдастыру кезеңі:
Қайырлы күн, біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн, сәлемдесіп аламыз!
Мақсатымыз –білім алу!
Міндетіміз –еңбектену.
Жұмыс істеуге дайындалады, топ ішінде өзара ынтымақтастық қарым-қатынас орнығады.
Тұсаукесер
І. Білу Үй тапсырмасын сұрау мақсатымен
«Кубизм» әдісін пайдаланып, сұрақтарға жауап алу.(интерактивті тақтада)
Сұрақтар:
1. Етістік дегеніміз не?
2. Етістіктің дара және күрделі түрлеріне мысал келтір.
3. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары?
4. Мына сөйлемде етістік қайсы? Зада қаздарын іздеді.
5. Жұрнақ жалғанған сөзді тап:
А) оқу Ә) Оқуға Б) Оқушы
6.Көптік жалғауларын ата.
ІІ.Түсіну 1.Деңгейлік тапсырмалар Топтарға тапсырмалар жазылған карточкалар таратылады.
І топ 1. Етістіктердің астын сыз: - Доп, жазды, алды, дәптер, таза, әдемі, жуды, ұшты, барды.
2. Дара , күрделі етістіктерді екі бағанға бөліп жаз: Барды, алды, ойнап жүр, кірді, ойлап отыр, келіп тұрады, көрді, ұйықтап жатыр, салып отыр, биледі , күлді.
ІІ топ 1. Етістікке сұрақ қой? Аспан, ту, пісірді, қар, жазды, білгір, бірінші, апарды.
2. Дара етістіктерді күрделі етістікке айналдырып жаз: Ойнады-
Жазды-
Секірді-
Оқыды-
ІІІ топ 1.Зат есімнің астын бір рет, етістіктің астын екі рет сыз: Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.