Сабақтың тақырыбы
|
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы.
|
Мақсаты
|
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы туралы түсінік беру.
|
Міндеті
|
1. Оқушыларға дене импульсі, күш импульсі және импульстің сақталу заңы туралы түсінік беру.
2. Дене импульсінің анықтамасын, формуласын, өлшем бірлігін есеп шығаруда қолдана алуға үйрету.
3. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, бір – бірін бағалауға дағдыландыру.
|
Күтілетін нәтижелер
|
1. Оқушылар дене импульсі, күш импульсі және импульстің сақталу заңы туралы біледі.
2. Дене импульсінің анықтамасын, формуласын, өлшем бірлігін есеп шығаруда қолдана алуға үйренеді.
3. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, бір – бірін бағалауға дағдыланады.
|
Әдіс-тәсілдер
|
|
Сабақтың түрі:
|
Жаңа сабақ.
|
Сабақ барысы
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
І.Ұйымдастыру (2 минут)
|
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Сабаққа келмеген оқушыны анықтау
1.2. Топқа бөлу Күш. Үдеу. Уақыт сөздері жазылған парақша тарату
|
Сәлемдеседі. Сабақта жоқ оқушыны анықтайды.
Күш. Үдеу. Уақыт болып топқа бөлінеді.
|
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
|
Сұрақтар арқылы өткен тақырыптарды қайталап еске түсіру. Қораптағы сұрақ.
І-қорап
1.Күш дегеніміз не және қандай шама?
2. Қозғалысты қалай түсінесің?
ІІ-қорап
1. Ньютонның І, ІІ, ІІІ заңдарының тұжырымдамаларын айттыңдар?
2. Дененің массасы нені сипаттайды?
ІІІ-қорап
1. Жылдамдық нені сипаттайтын шама?
2. Қандай күштерді білесің?
|
Сұрақтарға жауап береді.
|
ІІІ. Мағынаны ашу. (5 минут)
|
Сөзжұмбақ арқылы
|
Сөзжұмбақты шешіп жаңа сабақтың тақырыбын табады.
|
ІV. Негізгі бөлім (22 минут)
|
Жаңа сабақ: «Импульс» гректің «impulses»деген сөзінен шыққан, оның сөзбе сөз аудармасы «соққы» дегенді білдіреді. Бұл термин механикада екі шаманы: күш импульсі мен дене импульсін білдіреді.
Дене импульсі дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шама = m . Өлшем бірлігі секундына килограмм метр [кг · м/с]
|