Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.1.5.1 Кеңістікте және динамикада қарапайым өзгерістермен іс-қимылдарды ұғынады және жеткізе біледі
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар орындай алады : Бір орында тұрып,тізені алма-кезек көтеруді.Отырып тұруды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады : Отырып тұруды.
Кейбір оқушылар орындай алады :Обручьпен айналдыруды.Орындықта орындалатын жаттығуларды
Бағалау критерииі
Сабақтың кезеңі/ уақыты
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу, баяндама беру
Сабақтың мақсатын оқушыларға түсіндіру:
«Көңілді массаж»ойын әдісін қолдану арқылы көңіл-күй мен сабаққа деген жақсы ахуал қалыптастыру.
Денені дайындау жаттығулары.
-Бір орындағы жаттығулар: оңға, солға, кері секіріп бұрылу.
Жүру түрлері:
-Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру.
-Қолды жанға созып өкшемен жүру.
- қол жанда аласа бөрене үстімен жүріп, секіріп түсу.
-Жартылай отырып жүру.
-Толық отырып жүру.
Жүгіру:
- Залда ирек жасап жүгіру
-Аяқты көтеріп кедергілер арасымен жүгіру
-Аяқты артқа түзу жүгіру
-Екі жаққа аяқты көтеріп жүгіру
-Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау
Бір орында жалпы дене жаттығуларын орындау:
1-4 саналу арқылы 4 қатарға бөліну
4 қатарлы сап түзеу
Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды
Қол шапалақ
Тренинг жазылған парақшалар
Ортасы
«Гимнастика» сөзін естігенде сіз не елестетесіз? оқушылардың қызығушылығын ояту сәті. Оқушылар сөзбен, қимылмен өз ойларын білдіреді.
Сабақтың мақсаты:Жаттығулар комбинациясының қимыл-қозғалыс реттілігін білуге және орындауға үйрету.
1. Жалпы дамыту жаттығулары: 1-жаттығу.
Б.қ.негізгі тұрыс басты 4 сан оңға, 4 сан солға айналдыру;
2-жаттығу.
Б.қ.н.т. қол иықта 4 сан алға, 4 сан артқа айналдыру; 3- жаттығу
Б.қ.н.т. қол белде, 4 сан оңға, 4 сан солға айналдыру;
4- жаттығу
Б.қ.н.т аяқты алшақ ашып отыру, екі қолды алға созып, оң аяққа 2 рет, сол аяққа 2 рет тигізу;
Б.қ.н.т. тізені 4 сан ішке, 4 сан сыртқа айналдыру;
6-жаттығу.
Б.қ. оң аяқ және сол аяқпен секіру.