«Сабақты қорытындылау» Кері байланыс кішкене қиылған қағаздардағы төмендегідей сөйлемдерді аяқтау арқылы жүзеге асырылады:
- мен бүгін ... туралы білдім;
- маған … қиын болды;
- … туралы түсінік пайда болды;
- мен … үйрендім;
- … жасау қолымнан келді;
- … туралы білу қызықты болды;
- … мені таң қалдырды;
- мен … жасағым келді және т.с.с.
Осы секілді рефлексияны мұғалімге де ауызша жүргізуге болады.
Үй тапсырмалары беріледі;
Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады)
Келесі сабаққа дайындалу үшін киім ауыстыру бөлмесіне бару.
Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.