Сәлемдесу.Сапқа отырғызу. сабақ барысын түсіндіру. Қауіпсіздік және тәртіп ережелері.жүру ,
Кеңістікте топпен жүгіргенде неге сақ болу керек екенімізді айта аласын ба?
орташа қалыпта жүгіру , алаңның оң жағынан сол жағына қарай .
1 . Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.
2. Жеңіл жүгіріске көшу .
3.аяқты артқа , қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру. 4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру екі қол белде
5 .Жылдамдыққа жүгіру
6. қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру.
Ж.Д.Ж. орнында
Оқушы өз жұбын табады
Сұрақ жауап орындайды
Қол шапалақ
Стикерлер, маркерлер, қаламсаптар
Ортасы
Қауіпсіздіктехникасы Қозғалыс ойындар Негізгі бөлімі:Оқушыларды сапқа тұрғызып сабақтың міндеттерімен таныстыру. Белгілі бір нақты ережесі бар әр түрлі әрі көңілді қимыл –әрекеттерді қозғалмалы ойындар деп атайды . Қимыл-қозғалыс ойындарының көңілді әрі пайдалы болатын себебі, бұл ойындарды ойнай жүріп, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, тепе- тендік сақтау және мінез-құлықты тәрбиелеу сияқты барлық негізгі қимыл –қозғалыстарды дамыта аласыңдар. Жарыс элементтері –айналып жүгіріп шығу, қарсыласыңды басып озу-ойынға өту тартымды, әсерлі сипат береді. Оқушыларды 2 топқа бөлу, ойын түрлерімен танысу.
Әр топ бір-бірінен бір қадам қашықтықта шеңбер жасап тұрады.Жүргізуші бәрінің көз жұмуларын сұрайды. Балалар көздерін жұмады, ал тәрбиеші шеңберді айналып (балалардың артымен) шығады да, ойнаушылардың біреуін түртіп қалады да,сол балақу түлкі болып саналады. Жүргізуші содан соң балаларға көздерін аштырады да, жан-жақтарына ұқыпты қарауды, кімнің осылардың ішінде қу түлкі екендігін білдіріп қояр дейді.
Ойнаушылар (аздаған саябыр дауыспен) үш рет дауыстап, алдымен жайлап, содан соң даусын көтеріп: «Қу түлкі, сен қайдасың?» деп сұрайды. Бұл кезде бәрі бір-біріне қарайды.
Ойнаушылардың бәрі (оның ішінде қу түлкі де) үшінші рет сұрайды. «Қу түлкі сен қайдасың?» деп сұрағанда қу түлкі шеңбердің ортасына тез шығып, қолын жоғары көтеріп: «Мен мұндамын!» деп дауыстайды.
Ойнаушылардың бәрі алаң бойына жүгіріп жүреді, ал түлкі оларды ұстайды ұсталған, яғни түлкі кімге қолын тигізсе, сол шетке шығады.
Мұнан кейін түлкі ек-үш баланы ұстаған соң, жүргізуші «Шеңберге» деп дауыстайды. Балалар қайтадан шеңбер жасап тұрады да, ойын қайталанады
Оқушылар "Балықтар мен акулалар" деген ойын ойнайды. «Акула» - жүргізушіні таңдайды, қалған балалар – «балықтар» болады. «Бір, екі, үш
– ұста!» деген белгі бойынша «балықтар» залға шашырап қашады, алжүргізуші оларды арқасынан
түртіп, «ұстайды». Акуланың қуғынынан құтылу үшін ойыншы залдың кез келген жерінде тоқтай
қалып, дұрыс сымбат күйін таңдап тұрады.