Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы
(1931 жылы дүниеге келіп, 1976 жылы дүниеден өткен. Шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.
1948–1949 жылдары - ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті;
1948 - оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы;
1949 - көктемде жары Лашынмен отау құрады;
1949 - Советтік шекара газеті ақынның Қырман басында, Қойшы бала - Әкітай деген өлеңдерін жариялады;
1950 - Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түсіп, көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты оқуын тастайды;
1954 - Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады, осы жылы ақынның үш өлеңі Әдебиет және искусство журналында жарияланды;
1957 - Республикалық радионың диктор қызметін атқарады;
1960-1962 жылдары - Советтік шекара газетінің бөлім меңгерушісі;
1963-1965 жылдары - Мәдениет және тұрмыс журналында жұмыс істейді;
Мұғалім: Оқушылар, бұл ағаларымыздың бізге қалдырып кеткен өлеңдері, қол жазбаларын кім біледі?
Ернар:
Шеше
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың.
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына.
(Тәңірім кеше көрсін кесірімді)
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Шеше,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…
Берік:
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті.
Осы үш сүю болады имани гүл,
Иманның асылы үш деп сен тәхқиқ біл.
Ойлан дағы, үшеуін таратып бақ,
Басты байла жолына, малың түгіл.
Достарыңызбен бөлісу: |