Сабақтың басы Ұйымдастыру Кезеңі Қызығушылықты ояту 8 мин.
Бастапқы уақытта.Өткен сабақты қысқаша еске түсіріп кетемін. Ол төмендегідей:
Интерпретация Мұғалім.Өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында сұрақтар беремін:
«Тас дәуірі» кезеңінен қандай оқиғалар ерекше есте қалды?
Тасты игеру адам өміріне қандай өзгерістер алып келді?
Оқушы үшін:
Бағалау критерийі
№
Дескрипторлар
+/-
Тас дәуірінің ерекшеліктері мен адам өміріндегі өзгерістерді айтады
1
Тас дәуірінің негізгі оқиғаларын біледі
2
Адамдардың тасты қалай игергендігін біледі
Болжам: деңгейі жоғары оқушылар сұрақты өткен сабақтастыра ашып берсе, орта деңгейлі оқушылар өз деңгейінде тапсырманы толығымен ашып бере алмауы мүмкін. Ал төмен деңгейлі оқушылар мәселені нақтылы ашып бере алмауы мүмкін.
ЕБҚ оқушылардың қабілеттеріне сай тапсырма берілмесе, олардың сабақты алып кетуі қиынға соғуы мүмкін. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
ЕБҚ: оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Бағалау: арнайы бағалау парақшасы арқылы оқушыларды белгілеуге мүмкіндік аламын.
Тақырыптық суреттер
Сабақтың ортасы Жаңа сабақ 30 мин
Топтық жұмыс.Бірінші іс-әрекет. Оқушыларға «Тас дәуіріндегі Қазақстан» тақырыбы бойынша алынған білімді жүйелеу мақсатында топтық жұмыс ұйымдастырылатындығы туралы ескертіңіз. Уақыт машинасы бойынша ұяшықтарды таңдауды ұсынамын.
ЕБҚ оқушылардың топтық жұмыста қатысу деңгейін бақылай отырып, топтас сыныптастарымен диалогын қолдау. Мысалы: алғашқы адамдар, тас құралдары, кен өндіру, қыш құмыралар, петроглифтердің суреттері. Осы суреттер бойынша сол кезеңге ойша өтіп, нені елестеткендерін жазып алады.
1 топ:Журналистер: «Менің тас дәуіріндегі бір күнім» тақырыбында оқиға орнынан репортаж дайындайды;
Критерийлері: 1. Пәндік мазмұны: кәсібі, тұрмысы және т.б
2. Өзектілігі: тас дәуірінің ерекшелігі, еңбектің рөлі, адам эволюциясы және т.б.
2 топ: Ұсталар: Тас және қола дәуірінің еңбек құралдарының ішінен адамға ең үлкен пайдасын (қажетті) әкелген еңбек құралын таңдап, оның суретін салып, мысалдар келтіре отырып, өз таңдауларын негіздеу.
3 топ: Қыш құмыра (керамика) жасаушылар: Тұрақтардан табылған қыш құмыраларды зерттеп, олардың қажеттілігі мен қолданылуын түсіндіреді. Қыш құмыралардың бірнеше нұсқасының суретін салады, ондағы бейнеленген суреттерді сипаттайды.