Алып Ер –Тұңға жыры туралы мәліметтер Алып Ер Тұңға көсем өліміне арналған жоқтау жыр. Көне парсы жырында Афрасияп (Фирдоусидің«Шаһнамасында») , зооастризм дінінң қасиетті кітабы Авестада -Франграсийан деп атаған. ХІ ғасырда қашқари өзінің «Диуани- лұғати –т –түрк» кітабында жарияланған. Алып Ер –Тұңға сақ көсемі болған.
Оқушылармен орындалатын жұмыстар. І топқа Оқулықта берілген Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар туралы мәліметтерді оқыту, мазмұндау. Алтын Бекзаданың күміс тостағанында : «Аға, саған бұл ошақ! Ошағынан безгендер , тізеңді бүк! Халықта азық-түлік мол болғай!» деген жазулардың мағынасын анықтау, өз ойларын дәлелдеу.
ІІ топқа Алып- Ер Тұңға туралы мәліметтерді оқу, мазмұндау. Өздері білетін жоқтау жырлармен салыстыру.Түсініксіз сөздердің мағынасын анықтау.
ІІІ топқа
Жоқтау жырды мәнерлеп оқу, көркемдік ерекшелігін, жоқтау жырға тән ерекшеліктерді анықтау.
Қорытынды. Алып Ер –Тұңғаның түркі тарихындағы рөлі қандай? Жырдан үзінді келтірте отырып өз ойларын дәлелдету.
Үйге тапсырма. 1. Жоқтау жырды оқу, мазмұндау.
2. Жоқтау жырдан заманға айтылған сындарды анықтау.
3. Қазақ халқының тарихындағы жоқтау жырлар туралы мәліметтер дайындау.