Сабақтың тақырыбы Екі таңбалы сандардың құрылуы. Ондықтармен санау



Дата27.02.2023
өлшемі57 Kb.
#70033
түріСабақ
Байланысты:
матем 1 сабақ Екі таңбалы сандардың құрылуы


Бөлім:

1А бөлім – Екі таңбалы сандар

Педагогтің Т.А.Ә.

Жусипбекова Ирискул Авбакировна

№23 жалпы орта білім беру мектебі

Күні: 01.09.2022

Пәні: Математика

Сынып: 2 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Екі таңбалы сандардың құрылуы. Ондықтармен санау.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.1.1.1. 100-ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну; 100 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, натурал сандар қатарындағы
орнын анықтау.

Сабақтың мақсаты

ондықтармен және бірліктермен санай отырып, екі таңбалы сандардың құрылу жолын түсінеді, олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы.

Оқушылармен амандасу.
Бүгінгі сабақта екі таңбалы сандардың құрылуы. Ондықтармен санауды өтетін боламыз.

Сабақтың тақырыбымен танысады.



«Бүгін қандай тамаша көңілді күн» бейнежазба.

Сабақтың ортасы

1-тапсырмада натурал сандар қатары туралы білімдерін есіне түсіреді және толықтырады.

  • Сыныпта неше оқушы бар?

  • Сыныпта неше парта, тақта, орындық бар?

  • Сенде неше оқулық бар?

  • Осы сұрақтарға жауап беру барысында қандай сандарды атадың?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, сандар «Неше зат? Зат нешеу?» деген сұрақтарға жауап беруге көмектесетінін және бұл сандар натурал сандар деп аталатынын естеріне түсіреді.


Оқулықпен жұмыс.
2-тапсырма оқушыларды екі таңбалы санның құрылуы туралы өз тұжырымын жасауға жетелейді. Тапсырма жаңа тақырыпты ойын ойната отырып, меңгерту мақсатында орындалады.
3-тапсырманы топтық жұмыс түрінде орындау ұсынылады.
Бұл тапсырмада сандарды анықтау амалдары жүзеге асады. Мысалы,

  • 5 ондық пен 6 бірліктен тұратын сан қандай сан? (56)

6 ондық пен 9 бірліктен тұратын санды анықта.

  • Неше таңбалы санды анықтадың? (екі таңбалы)

  • Бірлігі нешеу, ондығы нешеу?



8-тапсырма. Үй тапсырмасы сыныпта түсіндіріліп беріледі.
Дескриптор:

  • жауабы 15-ке тең болатын мысалдарды анықтайды.

1-тапсырмада оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, натурал сандар туралы білімдерін естеріне түсіреді және толықтырды.

  1. тапсырмада бірліктермен, ондықтармен санай отырып, шаршы санын анықтайды,

шаршы санын қалай анықтағанын түсіндіреді. Бірін-бірі тыңдайды, жауабын толықтырады. Бір разрядтың 10 бірлігі келесі өзінен кейінгі разрядтың 1 бірлігін құрайтынын түсінеді.

Қосымша ақпаратпен танысады. «Разряд» терминімен танысады, санның жазылуында әрбір цифрдың белгілі бір орны болатыны, оның разряд деп аталатынын түсінеді.



Қол шапалақтау әдісі арқылы бағаланады.

Бағдаршам әдісі бойынша бағалайды.



Кітаптар

Бағдаршам суреті.



Соңы

Кері байланыс (рефлексия).
Екі таңбалы сандарды атаңдар.
20 санында неше ондық, неше бірлік бар?

Сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар мұғалімнің көмегімен бүгінгі сабақтағы өзінің әрекетіне баға береді, қорытындылайды.








Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет