Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
1-тапсырма.
Оқулықта берілген 1-есепті орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
Экологиялық пирамида бойынша орманда массасы 3,5 кг үкі өсуі үшін қанша дән керек екенін анықтады, егер қоректік тізбек түрі мынандай болса: дәнді дақыл – тышқан – үкі.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
- есепті шешеді.
|
Оқулық, жұмыс дәптері
|
|
2-тапсырма.
Оқулықта берілген 2-есепті орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
Суқоймасында массасы 8 кг болатын шортан өсуі үшін планктонның қанша мөлшері (кг) қажет?
|
Дескриптор: Жалпы - 4 балл.
-Сұраққа жауап береді.
- Есепті шешеді.
|
Оқулық, жұмыс дәптері
|
|
3-тапсырма.
Оқулықта берілген 3-есепті орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
Жарғанаттың балапандарының әрқайсысының салмағы 1 г болады. Сүтпен қоректендірген бір айда олардың әрқайсысының салмағы 4,5 г-ға жетті. Жарғанат өз ұрпағын қоректендіру үшін осы уақытта жәндіктердің қандай массасын жеуі керек? Жарғанат өсімдікқоректі жәндіктерді жоюы арқасында сақталып қалатынн өсімдіктер массасы қаншаға тең?
|
|