БАРЫСЫ:
Ойынның шарттары:
ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту);
«КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар);
«ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп);
«КІМ ТАПҚЫР!» (берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);
«ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);
СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)
«ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру);
«ТІЛ - ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі:
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!
IV. «КІМ ТАПҚЫР!»
(берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);
- Оқушылар біздің «МИФ» кемеміздің қоржынындағы тапсырмаларды да орындайық. Қандай тапсырмасы бар екен? (Оқытушы 2 опқа арнап кезекпен кемеге қолын созып, бір-бірлеп физикалық приборларды алып шығады. Әр топ прибордың атын, олардың атқаратын қызметтерін айтады.) Әр дұрыс жауапқа - 5 ұпай
Берілетін приборлар:
Амперметр Вольтметр Реостат
Катушка Электроскоп Трансформатор
1. Амперметр /ток күшін өлшейтін құрал/
2. Вольтметр /кернеуді өлшейтін құрал/
3. Реостат /Кедергіні өлшейтін құрал/
4. Электроскоп /дененің электрленуін анықтайтын құрал/
5. Катушка /индукцияланған токты жинайтын құрал/
6. Трансформатор /Айнымалы токтың трансформациясын жүзеге асыратын құрал/
Достарыңызбен бөлісу: |