Сабақтың тақырыбы: Электр сыйымдылық. Конденсаторлардың құрылысы және түрлері, электр өрісінің энергиясы



бет2/5
Дата17.01.2022
өлшемі146,89 Kb.
#24052
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
газетке

Білімділік: Конденсаторлар, конденсаторлардың түрлері, электрсыйымдылылық, өлшем бірліктері, конденсаторларды тізбектей, параллель және аралас жалғау әдістерімен таныстыру.

Дамытушылық: Өз бетімен ойлау қабілеттерін арттыру,логикалық ойын, шығармашылық қабілетін дамыту,ойын нақты жеткізе білуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз жұмысын, уақытын дұрыс ұйымдастыра білуге, өзіндік бақылау жасау өзіндік жұмыс және өзіндік коррекция жасай білуге баулу;

Пәнаралық байланыс:тарих,электротехника,математика

Көрнекі құралдар: Слайдтар, жеке карточкалар

Сабақ жоспары:



  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй жұмысын тексеру

ІІI. Жаңа тақырыпты түсіндіру

IV. Есеп шығару.

V. Қорытындылау

VI. Үйге тапсырма.

VII. . Бағалау.

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі .Оқушылармен амандасып,сабаққа даярлықтарын тексеру.

II. Үй жұмысын тексеру, тест арқылы.

ІІI. Жаңа тақырыпты түсіндіру, презентация.

Өткізгіштің электрсыйымдылығы мынандай факторларға байланысты өзгереді:



  1. Өткізгіштің электрсыйымдылығы оған екінші зарядталмаған өткізгішті жақындатқанда артады;

  2. Екінші өткізгішті жерге жалғау бірінші өткізгіштің электрсыйымдылығын арттырады;

  3. Қатты диэлектриктің болуы жүйенің электрсыйымдылығын арттырады;

  4. Диэлектриктің қалыңдығын азайтса, өткізгіштер жүйесінің сыйымдылығы артады;

  5. Диэлектриктің диэлектрик өтімділігі артқанда, жүйенің электрсыйымдылығы артады;

6.Өткізгіштердің бір-бірімен айқасу ауданын арттырғанда жүйенің электрсыйымдылығы артады;
 

Тарихқа қысқаша шолу.

1745 жылы Лейден қаласында неміс физигі Эвальд Юрген фон Клейст және голланд физигі Питер ван Мушенбрук тарихта ең алғашқы конденсатор – «лейден банкасын» жасады.Конденсатор деп жұқа диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіштен тұратын жүйені айтамыз. Ол латынның “condenso”- қоюлату, жинақтау деген сөзінен шыққан. Конденсатор электр энергиясын және электр зарядтарын жинақтау үшін қолданылады. Конденсатордың екі өткізгішін оның жапсарлары деп атайдың Ол жапсарларды шамасы жағынан тең, таңбалары жағынан қарама –қарсы зарядтпен зарядтайды.Бұл құрал өзіміз көріп жүрген телевизорларда, радиоқабылдағыштарда, магнитофонда және т.б электр құралдарында қолданылады. Конденсатордың зарядты жинақтау қабілетін көрсететін физикалық шама – электрсыйымдылығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет