Сабақтың тақырыбы: Электромагниттік индукция. Генератор Оқу мақсаттары



Дата14.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#74190
түріСабақ
Байланысты:
8 сынып 19 сабақ


Сабақтың тақырыбы:
Электромагниттік индукция. Генератор
Оқу мақсаттары:
8.4.3.7 – электромагниттік индукция құбылысын түсіндіру;
8.4.3.8 – Қазақстанда және дүние жүзінде электр энергиясын өндірудің мысалдарын келтіру.
Білім алушылар:
  • Электромагниттік индукция құбылысын түсіндіреді;
  • Қазақстанда және дүние жүзінде электр энергиясын өндірудің мысалдарын келтіреді.

Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машиналар генераторлар деп аталады.
1- индуктор –магнит өрісін тудыратын магнит немесе электромагнит;
2- якорь –магнит өрісі өзгергенде
индукциялық ток пайда болатын орам;
3- контакт сақиналары және олардың бетімен сырғитын контакт пластиналар.
Генератордың айналатын бөлігі - ротор,
ал қозғалмайтын бөлігі - статор.
Индукциялық токтың пайда болуы шарғыдан өтетін магнит өрісінің өзгеруі себебі болып табылады.
Электрмагниттiк индукция құбылысы
Фарадей өзінінің тәжiрибесiнде гальванометрге орам саны көп болған шарғыны (катушка) жалғайды. Егер магниттi катушкаға енгiзсе, онда гальванометр тiлшесi ауытқиды, яғни катушкада электр тогы туындайды. Магниттi катушкадан шығарған кезiнде гальванометр тiлшесi қарама-қарсы бағытта ауытқиды, яғни катушкада алдыңғы токқа салыстырғанда қарама-қарсы бағытта электр тогы пайда болатынын бақылайды. Ол өткізгіштен жасалған катушканың ішіндегі магнит өрісі өзгергенде, катушкада ток пайда болатынын анықтады.
Бұл құбылыста пайда болған ток индукциялық ток деп аталады. Құбылыстың өзi электрмагниттiк индукция деп аталады.
Электрмагниттік индукция – контурды тесіп өтетін магниттік ағынның кез келген өзгерісінде контурда электр тогының пайда болу құбылысы.
Бұл құбылыс электрмагниттік индукция деп аталады. Электрмагниттік индукция нәтижесінде пайда болатын электр тогын индукциялық ток деп атайды.
Тәжірибелер катушкадағы индукциялық токты әртүрлі әдістермен тудыруға болатынын көрсетті:
  • Катушкаға магнитті енгізуге немесе одан шығаруға болады, катушканы магнитке кигізуге немесе магниттен суырып алуға болады;
  • Индукциялық токтың ешқандай механикалық қозғалыс болмағанда да туындауы мүмкін. Ол үшін жақын тұрған екі катушканың біреуін ток көзімен қосу керек. Егер бірінші катушкадағы токтың магнит өрісі екінші катушканың орамдарын олардың жазықтарынан перпендикулярлы өтетін болса, онда кез келген бірінші катушкадағы ток өзгерісі екінші катушкада индукциялық ток тудырады;
  • Мұндай жағдай резисторда кедергі арқылы катушкадағы токты азайтып, күшейткенде де байқалады.

Кернеуді арттыруға және кемітуге арналған құрылғыларды трансформаторлар деп атайды.
Электр энергиясының алыс қашықтыққа
берілуінің жеңілдетілген сұлбасы:
Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме
https://daryn.online/lesson/2586-elektromagnyttik-ynduktsyya-generatorlar - Электромагниттiк индукция, генераторлар.
Оқулық, §34.
Оқушыларға арналған тапсырмалар
Тест
1. Магнит өрісін өзгерткенде, электр тогы пайда болады. Бұл құбылыс қалай аталады? А) Электр өрісі Ә) Электромагниттік индукция құбылысы Б) Магнит өрісі 2. Электромагниттік индукция құбылысын ашқан кім? А) Андре Мари Ампер Ә) Александро Вольта Б) Майкл Фарадей 3. Индукция латын тілінен аударғанда қандай мағына береді? А) Магнит Ә) Бағыттау Б) Өріс 4. Кернеуді арттыруға және кемітуге арналған құрал қалай аталады? А) Трансформатор Ә) Генератор Б) Ротор 5. Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машина: А) Трансформатор Ә) Генератор Б) Ротор
Үйге тапсырма: §34.
Кері байланыс:
Енді мен жасай аламын…
Нені білдім, нені үйрендім?
Немен жұмысты жалғастыру қажет?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет