Сабақтың тақырыбы: Электрсыйымдылық. Конденсаторлар және олардың түрлері Бағыт: Педагогикалық



бет4/6
Дата03.12.2023
өлшемі48,57 Kb.
#132916
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Утепова Г - электрсыйымдылық

Тарихқа қысқаша шолу.
1745 жылы Лейден қаласында неміс физигі Эвальд Юрген фон Клейст және голланд физигі Питер Ван Мушенбрук тарихта ең алғашқы конденсатор – «лейден банкасын» жасады.Конденсатор деп жұқа диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіштен тұратын жүйені айтамыз. Ол латынның “condenso”- қоюлату, жинақтау деген сөзінен шыққан. Конденсатор электр энергиясын және электр зарядтарын жинақтау үшін қолданылады. Конденсатордың екі өткізгішін оның жапсарлары деп атайды. Ол жапсарларды шамасы жағынан тең, таңбалары жағынан қарама –қарсы зарядтпен зарядтайды.Бұл құрал өзіміз көріп жүрген телевизорларда, радиоқабылдағыш
тарда, магнитофонда және т.б электр құралдарында қолданылады. Конденсатордың зарядты жинақтау қабілетін көрсететін физикалық шама – электрсыйымдылығы.
Конденсатордың электрсыйымдылығы деп зарядтың конденсатор пластиналары арасындағы потенциалдар айырымына қатынасымен өлшенетін физикалық шаманы айтады. С = q| U
Мұндағы С - конденсатордың электрсыйымдылығы , ол конденсатордың электр зарядтарын, яғни электр өрісін жинау және сақтау қасиетін сипаттайды, q— өткізгіштің біреуіндегі зарядтың абсолют шамасы, U— потенциалдар айырымы. SI жүйесінде электрсыйымдылығының бірлігіне Фарад енгіземіз.
1Фарад—1Кл заряд бергенде, потенциалдар айырымы 1 В-қа өзгеретін өткізгіштің электрсыйымдылыгы.
Бұл бірлік өте үлкен: мысалы, Жер сияқты аса үлкен өткізгіштің сыйымдылығы не бары 7·10 -4Ф, сондықтан тәжірибелік мақсатта үлестік бірліктер қолданылады:
1 мкФ = 10 -6 Ф; 1 нФ = 10 -9 Ф; 1 пФ = 10 -12 Ф.
Мысалы,параллель орналасқан және диэлектрик қабатымен бөлінген екі жазық металл пластина жазық конденсатор кұрайды. Сонымен қатар конденсаторларды жапсарларының пішініне қарай жазық, цилиндр тәріздес, шар тәріздес және т.б деп бөледі.
Конденсаторларды техникалық құрылғыларда электр зарядтарын жинақтау үшін кеңінен қолданады.
Конденсатордың электр зарядтарын жинақтау және сақтау қасиетін, мысалы, электронды фото-жарқылын алуда қолданады. Бұл аспапта конденсатор гальвани элементтерінің батареяларынан ұзақ уақыт зарядталады да, арнайы лампа арқылы тез разрядталады.



Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет