Сабақтың тақырыбы: «Елімнің еркіндігі Тәуелсіздік»



бет4/5
Дата06.01.2022
өлшемі20,25 Kb.
#12467
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
ай

Ақорда резиденциясы — Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы.

Астана қаласы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығының аумағында 2001 ж. қыркүйек айында салына бастады. Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 m2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж. желтоқсанның 24 күні өтті.
2.Бәйтерек

Бәйтерек – Астана қаласындағы сәулет құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі.

«Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан.


3.Қазақ елі монументі

«Қазақ елі» - Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында орналасқан мәдени-архитектуралық монумент. Монумент 2009 жылы ашылды. Монументтің авторлары - Сәрсен­бек Жүнісов және Жаңбыршы Нұркенов.

Тарихи-мемориалдық кешеннің жалпы аумағы 5,2 гектар, соның монумент орна­лас­қан орталық тұғырнамасы 1 гек­тар жерді алып жатыр. Ақ мәр­мәрдан құйылған монумент­тің биіктігі – 91 метр, бұл – Қазақстан тәуелсіздігін алған 1991 жыл­дың белгісі.




Отан туралы мақал - мәтел білеміз бе?
1.Отан – отбасынан басталады
2.Отан – оттан да ыстық
3.Отансыз адам - ормансыз бұлбұл

4.Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

5. Туған жерге туың тік

6. Өз елім - өлең төсегім.

7. Аққу көлін аңсайды,

Адам туған жерін аңсайды.

8. Туған үйдің түтіні жылы,

Туған ананың күтімі жылы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет