Сабақтың тақырыбы: «Әліппе»пәнінің оқу-әдістемелік кешеніне сипатта



бет2/2
Дата08.02.2023
өлшемі0,57 Mb.
#66110
түріСабақ
1   2
Оқу-әдістемелік кешеннің негізгі сипаттамасы болып төмендегілерді атауға болады:
- мемлекеттік стандарттың ұстанымдарына сай болу;
- нақты жағдайда қолдануға болатын қатысымдық біліктерді қалып-тастыру;
- оқушылардың балалық шақ әлемімен, ойнау және қарым-қатынас жа-саумен байланысты жас ерекшеліктерін ескеру;
- оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың барлық түрлерін, атап айт-сақ, дербес, топтық, жұптық, және жаппай формаларын үйлестіру;
- өзіндік жұмыс, өзін-өзі бақылау және өз ісіне талдаулар жүргізе алу бі-ліктерін дамыту.
Оқу-әдістемелік кешен:
- мұғалімнің шығармашылығын ынталандыратын қазіргі заманғы әдісте-мелік тұжырымдарға негізделеді;
- оқушының жеке бас тұлғасына, оның қызығушылығына, икемділігіне, қабілетіне бағытталады;
- оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасайды;
- оқушылардың мемелекеттік стандарт талаптарына сай жан-жақты білім алуларына негіз болады.
Білім мазмұнын мектепте тиімді оқытып, оның басты мақсатын жүзеге асыру оқытуды оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етумен тығыз байланысты. Осыған орай «Әліппе» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен жасалады.
«Әліппе» пәнінің оқу-әдістемелік кешені оқулықтан, жазу дәптерлерінен, «Менің алғашқы сөздігім» құралынан, электронды оқу құралынан, үнтаспадан, «Әліппе оқыту әдістемесінен» тұрады.
«Әліппе» оқу-әдістемелік кешенінің бүкіл жүйесі оқушының алған білім, біліктерін өмір жағдайларында қолдана алуға мүмкіндік беретін дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Оқу-әдістемелік кешенде оқу бағдарламасы мен оқулықтың алатын орны ерекше.
Білім мазмұны жүйесінің сөйлеу және таным әрекеттерін іс жүзінде қалыптастырып, дамыту мақсатына бағындырылуы – «Әліппе» оқу бағдарламасының басты өзгешеліктерінің бірі. Мұнда қарым-қатынас жасауға, танып-білуге талпыныстың пайда болуына жетелейтін коммуникативтік ұстаным басшылыққа алынған.
4.Сауат ашу кезеңдеріне сәйкес міндеттері мен күтілетін нәтижелерін кестеге салу.
Сауат ашу үш кезеңнен – әліппеге дейінгі, әліппе, әліппеден кейінгі кезеңдерден тұрады.
«Әліппе» пәнін оқыту екі кезең бойынша (әліппеге дейінгі кезең –
12 сағат, әліппе кезеңі – 84 сағат) ұйымдастырылады.
«Әліппе» пәнінің мазмұны І жартыжылдықта «Әліппе» оқулығы (әліппеге дейінгі және әліппе кезеңдері) арқылы жүзеге асырылады.
Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері: оқу әрекетіне қызығушылығын ояту; сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы қарапайым түсінік қалыптастыру; сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс сызба-модельдерін ажырату және қолдану дағдыларын қалыптастыру; сөзге дыбыстық талдау жүргізу: сөздегі буын санын анықтау, сөз ішіндегі дыбыстарды екі, үш буынды сөзбен анықтау; дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату; жазуға дайындық кезеңінде – қолдың ұсақ моторикасын дамыту (бояу, сурет салу, түрлі бағытта сызықтар жүргізу, сұлба салу, әріп элементтерін жазу): тыңдай білуге және сұрақты түсінуге, сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету.
Әліппе кезеңінің міндеттері: қазақ әліпбиінің дыбыс пен әріптерін таныту, дыбыстардың айтылуына жаттықтыру; дауысты және дауыссыз дыбыс түрлерін ажыратуға жаттықтыру; әріптердің баспа және жазба түрлерін үйрету; дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрауға, жазуға, оқуға үйрету; дұрыс, үзбей, буындап оқу дағдыларын қалыптастыру; көркем жазу дағдыларын қалыптастыру; сөздік қорын байыту, өз ойын жеткізе білуге үйрету; негізгі тыныс белгі түрлерін (нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі) қолдана білуді қалыптастыру; ұлттық рухани құндылықтарға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында көрсетілген әр кезеңнің күтілетін нәтижелеріне сәйкес беріледі.
2.Әліппе кезеңдеріне сәйкес міндеттері мен күтілетін нәтижелерді кестеге салу.

1) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсінеді;


2) сұрақты тыңдайды және оны түсінеді, сұрақтарға жауап береді;
3) сөйлем, сөз, буын, дыбыстың графикалық сызбасын таниды;
4) сөзге дыбыстық талдау жасайды;
5) көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды;
6) коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) дұрыс қолдана алады;
7) дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, әріп элементтерін, үзік сызықтарды бастырып жүргізеді, жазады

1) дыбыс пен әріпті таниды, оларды бір-бірінен ажыратады;
2) мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөледі, жаңа үйренген дыбысты анықтайды;
3) дауысты дыбыстардың буын құрайтынын біледі, сөздегі буын санын анықтайды;
4) оқу түрлерін (буындап оқу, сөздерді тұтас оқу, мәнерлеп оқу) қолданады, түсініп оқиды;
5) дыбыстарды дұрыс дыбыстайды, оның мағына ажыратушы қызметін түсінеді;
6) сызба-модель, сурет белгілері арқылы сөз, сөйлем, шағын мәтін құрастырады;
7) сөйлеу барысында жалғауларды дұрыс қолданады;
8) тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды, өз ойын білдіреді;
9) мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қоя алады, сұраққа жауап береді;
10) сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгісін қояды;
11) айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді еске сақтап, естуі бойынша жазады;
12) көркем жазу талаптарына сай, жазу жолы, жол аралығын, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріптің, әріптердің өзара байланыс элементтерін жазады;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет