Сабақтың тақырыбы: Энергия Бөлімі: Энергия Мұғалімнің аты-жөні: Жарылхасын А



бет1/2
Дата26.04.2023
өлшемі94,85 Kb.
#87277
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
7-физика -27,03,23


Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Энергия



Бөлімі:

Энергия

Мұғалімнің аты-жөні:

Жарылхасын А.

Күні:

27.03.23

Сыныбы: 7

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Энергия. Кинетикалық және потенциалдық энергия

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7. 2.3.4 кинетикалық энергияның екі түрлерін атау: кинетикалық, потенциалдық;
7. 2.3.5. кинетикалық энергияның E k =mv2 /2 формуласын қолдану;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: - энергия дененің немесе денелер жүйесінің күйіне тәуелді екенін түсінеді
Көптеген оқушылар істей алады: - энергия бір күйден екінші күйге ауысқанда өзгеруі жасалған жұмыстың шамасымен анықтайды
Кейбір оқушылар істей алады: - есеп шығару кезінде кинетикалық энергия формуласын қолданады;

Бағалау критерийлері



- механикалық жұмыстың физикалық мағынасын түсіндіреді;
- дененің энергиясы қандай физикалық шамаларға тәуелді екенін түсінеді;
- кинетикалық энергия формуласын қолданып есептер шығарады;

Құндылықтарға баулу



Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын дарытуда оқушыларға оқу үдерісінде бақылау жүргізуге, топтастыруға, зерттеуді жүйелеуге, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру мен оларға түсінік беруге үйрету.

Сабақтың барысы:



Сабақ кезеңі/
Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
10 минут

Оқушыларды тақырыппен, мақсаттарымен және сабақ мақсатымен таныстыру
Өтілген тақырыптарды қайталау:
1. Механикалық жұмыс дегеніміз не?
2. Механикалық жұмыстың өлшем бірлігі қандай?
3. Жұмыс қалай анықталады?
4. Қай жағдайда механикалық жұмыс 0-ге тең болуы мүмкін?
5. Жұмысты графикалық түрде қалай анықтауға болады?
6. Қуат дегеніміз не?
7. Қуаттың өлшем бірілігі қандай?
8. Егер күш пен жылдамдықтың бағыттары сәйкес келетін болса, қуат қалай анықталады?
9. Автомобиль жолда бірқалыпты қозғалып келеді. Автомобильге әрекет ететін теңәсерлі күштің жұмысы қандай?
10. Автомобильдың тарту күшінің жұмысы неге тең?

Оқушылар өткен сабақтар бойынша сұрақтарға жауап береді, және бүгінгі тақырыптың мақсатымен танысып, мұғаліммен бірге сабақ соңында күтілетін нәтижелерді талдайды.

Оқушылардың сұрақтарға дұрыс жауап беруіне байланысты бағаланады.

Презентация немесе таратпа материал

Сабақтың ортасы

15 минут

10 минут

5 минут


Энергия түрлері

  1. Механикалық

  2. Жылулық

  3. Электрлік

  4. Жарық

Механикалық энергия - дененің жұмыс істеу қабілеттілігін сипаттайтын физикалық шама.
Механикалық энергия екі топқа бөлінеді : кинетикалық және потенциалдық.

Оқушылар энергия түрлерімен танысады.

Дескриптор:
-Кинетикалық энергияны ажырата алады
-потенциалдық энергияның қандай шамаларға тәуелді екендігін біледі

Сабаққа дидактикалық материалдар



Есеп шығару мысалы:
1. Есептеңіз
a) 25 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 600 кг көліктің кинетикалық энергиясын
b) егер (а) бөлігінде автомобиль жылдамдығы 12 м/с кемітетін болса, кинетикалық энергия қаншалықты азаяды?
2. Массасы 10 г оқ винтовкадан 800 м/с жылдамдықпен ұшып шықты және тақтайды тесіп шыққан мезетте жылдамдығы 400 м/с болды. Тақтайдың бөгетін жеңу үшін атқарылған жұмысты есептеңіз.
(FО)
1. Массасы 4,5т Африкалық піл 40 км/сағ жылдамдықпен жүгіретін болса, оның энергиясын анықтаңыз.
Кері байланыс



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет