Сабақтың тақырыбы: Ер есімі ел есінде Сабақтың мақсаты



бет1/5
Дата21.10.2023
өлшемі35,24 Kb.
#120081
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Ә. Марғұлан атындағы №40 мектеп - лицейі
Тақырыбы:
«Ер есімі – ел есінде»


2022-2023 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Ер есімі ел есінде 
Сабақтың мақсаты: 1. Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы жеңістің мән - маңызы туралы мағлұмат беру.
2. Оқушылардың тіл байлықтарын, ойын ұштау.
3. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің
ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа шыншылдыққа баулу.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, мақалдар, батырлар суреті.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Негізгі бөлім.

Мұғалім:
Құрметті ата - аналар, ұстаздар бүгінгі 1сыныбының «Ер есімі ел есінде» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Сіздерді 9 - мамыр Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймыз! Аталарымыздың, әжелеріміздің ерлігімен келген бұл Жеңіс мерекесі ұрпағымыздың есінде мәңгі сақталады. Бүгінгі өткізілгелі отырған тәрбие сағатымыз да осы Ұлы Жеңістің келбетін насихаттауға арналған.
- Балалар Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды?
- Қай жылы аяқталды?
- 9 мамыр неліктен Жеңіс күні деп аталады?
Ұлы Отан соғысында Жеңіске жеткенімізге биыл 68 жыл толып отыр.
Осы жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан тарихындағы жарқын беттерге айналды.
Ұлы жеңістің тарихтан алатын орны ерекше. Бүкіл кеңес халқының 20 - 25 млн - нан астам ержүрек ұлдары мен қыздары құрбан болды. Бұл соғыста миллиондаған әйелдер жесір, балалар әкесіз қалды. Аналар ұлдарынан айырылды, оның құрбандығына шалынбаған отбасы қалмады.
Фашистік қарақшылар 1710 қала мен жұмысшы поселкелерін, 70 мың село мен деревняны құртып жіберді. Осы соғысқа Қазақстаннан 1млн. 70мың адам қатысса, олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тапты, бірі хабар - ошарсыз кетті. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын.
Ендеше соғыс даласында хабар - ошарсыз кеткен, қаза тапқан ер жүрек батыр ата - әжелерімізді бір /сәт үнсіздікпен еске алайық.

1 мин. үнсіздік
Өкінішке орай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің арамыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңені ұмытпауы тиіс! Себебі, бұл - біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!
Ендеше сол жылдарға көз жүгіртейік.

1941 жылы 22маусым күні, таңғы сағат 4 - те таң шапағы жаңа арайлап келе жатқан кезде фашистік Германия тұтқиылдан Кеңес Одағына опасыздықпен басып кірді.
Гүлзира: Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау келіп,
Қырғын соғыс басталған.

Аружан: Оқ борады күні - түн
Жатты жерді от қарып.
Алға қарай ұмтылды,
Батыр қазақ оқты алып.

Альбина Т.: Туын жықпай қолдағы,
Опат болды елі үшін.
Кеудесімен қорғады,
Азаттықтың жемісін.

Қарақат: Солдаттар жаралы
Майданнан оралды.
Ажал боп төнген жауына,
Даулды көктің қыраны.
Ұлы Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болды.1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылы мамырдың 9 –ында бұрын – соңды болмаған мың зеңбірек 30 дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді.
Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті.Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті. Биыл Ұлы Жеңістің 78 жылдығын атап өтеміз.
Қорытынды: Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына міне 78 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарихы атты өз төрешісі бар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет