Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі:оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
2 6 мин.
|
№7-тапсырма.Тәуелсіздік ұғымының кластерін дайындаңдар. Ақынның хрестоматияда берілген «Менің жолым» өлеңіндегі негізгі ойдың «Менің атым- Тәуелсіздік» өлеңімен үндесетін тұстарын тауып, талдау жүргізіңдер.
|
Талдау жүргізеді.
|
Дескриптор: Жалпы -3 балл.
-Өлеңдерге талдау жүргізіледі.
|
Оқулық,
жұмыс дәптерлері.
|
|
№8-тапсырма.Мәтінді тыңдаңдар. Берілген уақыт ішінде тапсырманы орындаңдар.
|
Уақыт мөлшері: 7 минут.
Лирикалық кейіпкердің өткенді еске алғаннын, болашаққа үмітпен қарағанын білдіретін сөздерді тауып, талдаңдар.
|
Дескриптор:
Жалпы -3 балл.
- мәтінді тыңдайды.
-берілген уақыт ішінде тапсырманы орындайды.
|
Оқулық,
жұмыс дәптерлері.
|
|
№9-тапсырма:
Өлеңді басқаша қалай атауға болады?
|
«Тәуелсіздік тұғыры» деген тақырыпта эссе жазыңдар.
|
|