Аяқтандыру – мұнда: балаға әйел әперіп, отау қылып шығару.
Күдерүзу – орындауға, болмасына көзі жетті, түңілді.
Жасау – этнограф.: ұзатылған қызға берілетін мүлік, дүниелік.
Сауыт – оқтан, найзадан сақтану үшін денеге киетін тор көзді кіреуке.
Құт – береке, байлық.
Інген – қос өркешті ұрғашы түйе.
Пері – діни сенім бойынша аспанда, су ішінде тіршілік ететін жамандық пен зұлымдық күштері.
Лашық – уақытша тұруға арналған күрке, сиықсыз, кедей қолды баспана.
Саумал – биенің жаңа сауған, ашытылмаған сүті.
Кездік – қысқа сапты кішірек пышақ.
Көкпек – аласа боп өсетін, дәмі ащы, қатты шөп.
Мүләйімсу – дым білмегенсу, мүсәпірсу, момақансу.
Егеу – металл заттарды егеп, өткірлейтін құрал.
Кісе – күміспен, жезбен әшекейлеп істеген пышақ қыны, шақпақ салатын қалташалары бар.
Торғын – қымбат бағалы жұқа жібек мата.
Араз – тату емес, өкпелі.
Кендір – 1. Сабағының талшығынан арқан, дәнінен май алатын өсімдік;
2. Кендірден есіп жасалған жіп, арқан.
Қулықбие – тұмса құлындаған жас бие.
Жирен – қызғылт сары түс.
Жабы – қазақ жылқысының нашар, қарабайыр тұқымы.
Ептейле – икемдеу, ыңғайлау.
Шақпақ – от шығару үшін пайдаланылатын тас, оттық.
Суат – өзеннің, бұлақтың мал суаратын жері.
Бестіат – бес жасар жылқы.
V Жаңа сабақты бекіту: Оқулықпен жұмыс: 1. Ер Төстіктің көмекшілеріне сипаттама жасаңдар.
2. Ертегіден халық тұмысына, сенім-нанымына байланысты әдет-ғұрып, салт-сана көріністерін тауып, әңгімелеңдер.
3. Ертегінің ұнаған жері туралы шығарма жазыңдар.
VІ Үй тапсырмасын беру: Ертегілер және оның түрлері.
Ер Төстік ертегісі туралы түсінік.
VІІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың ынтасына, сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.