Тапсырма: сұрақтарға жауап бер. Қорытынды тұжырым жаса.
1-топ:
Жарық көзі затқа бағытталғанда не байқадық? Не пайда болды?
Көлеңке қалай пайда болды?
Көлеңке дегеніміз не? Анықтама келтір.
/Анықталған ақпартты бекіту үшін оқулықпен жұмыс жүргізіледі/.
2-топ:
Жарық көзі жоғарыға және төменге ауысқанда жарық пен көлеңкеде қандай өзгеріс болды?
3-топ:
Жарық көзінің оңға және солға ауысуы нәтижесінде не байқадық? Қандай өзгерімс орын алды?
4-топ:
Жарық көзінің объектіге жақындауы мен алыстауы барысында қандай өзгеріс байқалды?
/Әрбір топ өз жұмысын қорытындылаған соң, анықталған тұжырымдар бекітіліп отырады. Топтық жұмыстың нәтижелігіне қарай ынталандыру әдісі бойынша ауызша бағаланады/.
(Ұ)Бейнежазба. Көлеңке театры. Мақсаты: көлеңкенің пайда болуы мен ерекшелігін түсіндіру. /Бейежазба барысында «Стоп-кадр» әдісі қолданылып, оқушыларға бекітуші, анықтаушы сұрақтар қойылады/.
Көлеңке қалай пайда болды?
Көлеңкенің көлемін ұлғайту үшін театр әртістері қандай тәсілді қолданды деп ойлайсыңдар?
Көлеңкенің көлемін кішірейту үшін театр әртістері қандай тәсілді қолданды деп ойлайсыңдар?, т.б.
/Оқушы жауаптары тыңдалады, қажеттілігіне қарай жауаптарына түзетулер, толықтырулар енгізіледі/.
(Қ) Анықта.
Мақсаты: көлеңкенің пайда болу себебін түсіндіру. Тапсырма: суреттеің көмегімен көлеңкенің пайда болу себебін түсіндір.
Дескриптор: Білім алушы:
сурет бойынша көлеңкенің пайда болу себебін түсіндіреді.