Сабақтың тақырыбы Ғаламшарлар қандай болады? Оқу бағдарламасына сəйкес



бет3/3
Дата30.01.2023
өлшемі321,97 Kb.
#63892
түріСабақ
1   2   3
ҚБ: «Ду қол шапалақ».

Ғылыми күнделік,










Оқушылардың нақты материалды білуін жəне
меңгеру деңгейін бағалайды.

қарындаштар, қалам

Өз ғаламшарыңды «ойлап тап». Оны сипатта.

  • Сенің ғаламшарың қалай аталады?

  • Ол несімен ерекше?

  • Оның үстіңгі беті қандай?

  • Сенің ғаламшарыңда тіршілік бар ма?

Бұл тапсырма əр оқушының қиялына байланысты.







«Ыстық орындық» стратегиясы
Қалаған оқушыларға сабақ туралы əңгімелеп, əсерлерімен бөлісуді ұсыныңыз. Оқушы қалауына қарай тақтаға шығады жəне сабақта нені есіне сақтағанын, неге таңданғанын, не ұнағанын айтады.
Сабақты қорытындылау үшін оқушылар сұрақтарға жауап береді:

  1. Күн жүйесінің ғаламшарлары қандай топтарға бөлінеді?

  2. Алып ғаламшарларды ата.

  3. Жер мен Марс қай топқа жатады?

Сұрақтарға жауап береді.

ҚБ:
«Бағдаршам». Сұрақтың жауабын білемін бе, жоқ па?





Əр оқушының өзін-өзі бағалуын ұйымдастырады. Оқушылардан зымыранды бояп, сабақтағы өз жұмысын бағалауды сұрайды:

  • Қызыл қарындаш – ештеңе түсінбедім;

  • Сары қарындаш – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын;

  • Жасыл қарындаш – бəрін түсіндім, басқаға түсіндіре аламын.

Сабақтағы өз жұмысын, оқу материалын меңгеру деңгейін талдайды. Өзінің эмоционалдық жағдайын анықтайды. Өз білімін өзі бағалайды.

Оқушылардың əрекеттерін өзіндік бағалау.
Əр оқушы өзінің сабақтағы оқу материалдарын қалай түсінгенін, меңгергенін
бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет