Пәні: Жаратылыстану
Сабақтың тақырыбы: Ғарыш дегеніміз не?
Алматы облысы Сарқан қаласы Абай атындағы мектеп гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі
Борангазиева Асель Сеилхановна
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.4.2.1. Астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттайды;
Өзіме өлшеп алған мақсатым:
Астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттай алады.
Барлық оқушылар:
•Ғарыш ұғымымен танысады;
Көптеген оқушылар:
•Астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттай алады
Кейбір оқушылар
•Жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.
Бағалау критерийлері
Астрономия ғылымының ерекшеліктерін анықтайды.
Астрономия ғылымы туралы әңгімелейді.
Құндылықтарды дарыту:
Мәңгілік ел идеясындағы бағыттарды негізге ала отырып,оқушыларды бір -бірін құрметтеуге, мейірімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Белсенді оқыту
Сабақтың басында Топқа бөлуде «Нұсқау беру және айту» әдісі бойынша «Ой қозғау» тәсілі.
1-топ Күн
2- топ Ай
3- топ Жұлдыз
- Қалай ойлайсыздар неге мен сіздерді аспан денелерімен топқа бөлдім?
- Себебі бүгінгі тақырыбымыз не туралы?
(Т) «Зерделеу және зерттеу» әдісі бойынша, «Ойлан тап» тәсілі мына тапсырмада көрініс табады.
1-топ.Ғарышты қалай елестетесің? Суретін сал.
2- топ: Ғарышта қандай аспан денелері бар? Жаз.
3-топ.Ермексаздан аспан денелерін мүсіндеу.
Сабақтың ортасында «Көрсету және модельдеу» әдісі. «Сен білесің бе?» тәсілі бойынша тақрыпқа байланысты бейнежазба көрсету.
Саралау әдісінің тәсілдері
«Диалог және қолдау көрсету» тәсілі
Көрген бейнежазба бойынша сұрақ- жауап
- Бейнежазба не туралы?
- Қандай сөздер таныс?
- Олар туралы қайдан естідің?
(ӨҚ) «Дереккөздер» тәсілі
Түрлі дереккөздерден астрономия туралы ақпарат жинақтайды.
Бағалау: дескрипторға сүйене отырып бағалау, дұрыс орындаған оқушыларға жапсырма күлегештер беру.
«Қарқын» тәсілі кейбір оқушылар
басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. «Мозайка» тәсілі бойынша тапсырма дайындап қоямын.
Бағалау
Бейнежазба бойынша сұрақ-жауап.
- Бейнежазба не туралы?
- Қандай сөздер таныс?
- Олар туралы қайдан естідің?
Бағалау: Жауап берулеріне қарай ынталандыру сөздер арқылы мадақтаймын. (Тамаша! Жарайсың! Керемет!)
№2 тапсырма
(Т) «Сөз құрастыр» тәсілінде әр топ әріптерден сөз құрастырады.
1-топ: зыдлжұқош
2-топ: шырға
3-топ: яимонортса
Ғарыш сөзін үш тілде айтуға тырысады.
ғарыш – космос – space.
Бағалау:Тапсырманың орындалуына байланысты топ бір-бірін «Бас бармақ» арқылы бағалайды.
(ӨҚ)
Түрлі дереккөздерден астрономия туралы ақпарат жинақтайды.
Бағалау: дескрипторға сүйене отырып бағалау, дұрыс орындаған оқушыларға жапсырма күлегештер беру.
Ықшам сабақ
Курстың өту барысында белсенді оқыту әдістері мен саралаудың барлық тәсілдерін түсініп өз тәжірибемде қолданамын. Тоқтала кетсем, тренеріміздің «Ойымды жалғастыр» тәсілі, бұл тәсілде сөйлемнің басы мен аяғы жазылады. Бұл оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын, қиялын дамытады.
Әріптестерімнің математика, сауат ашу пәндерінен өткен ықшам сабағында Лязаттың «Кім тапқыр» ойыны, Сәулеттің «Ия,жоқ», «Жұмбақ затты тап», Назымның «Мен кіммін?» тәсілдерін болашқта да және қазіргі сабағымда да пайдаланамын.
Курс барысында қалыптастырушы бағалауды, дескриптор құруды үйрендім.
Достарыңызбен бөлісу: |