Сабақтың тақырыбы Ғарыш сынақ әлемі Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет2/3
Дата16.05.2023
өлшемі16,43 Kb.
#93700
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
20 сабақ. Ғарыш – сынақ әлемі

Тапсырма: Берілген екі мәтіннің тақырыбы,құрылымы, мақсатты аудиториясы, стильдік ерекшелігін салыстыра талдау






1-мәтін

2-мәтін

Тақыр ыбы







Құрылымы







Мақсатты аудиториясы







Стильдік ерекшелігі









1-мәтін Зерттеудегі қилы-қилы қызықтар...
Осыдан 55 жыл бұрын Байқоңыр ғарыш айлағынан күллі адамзаттың атынан Юрий Гагарин зеңгір көкке самғаған болатын. Содан бері ғарышты зерттеу қарқынды жүргізіліп жатыр. Жердің орбитасында қазір мыңдаған жасанды жер серігі, Халықаралық ғарыш стансасы, ғарыш телескоптары жұмыс істеуде.
Қазақ даласында орналасқан әлемнің ең ірі ғарыш айлағынан алаш баласы ғарышқа 1991 жылы ұшты. Ю.Гагариннің сапарынан кейін бақандай 30 жылдан кейін қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров зеңгір көкке самғаған еді.
Қазір Қазақстан ғарышқа үш ғарышкерін ұшырған, бірнеше жасанды жер серігі бар мемлекет. Еліміз ғарышты зерттеуге атсалысып, ғарыштық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдаланып жатқан саналуы мемлекеттердің бірі. Ал, ғарышты зерттеуге қатысты таң қаларлық оқиғалар Ю.Гагарин ұшқан кезден бері талай рет тіркелді.


2-мәтін. Айсұлу мен Күнсұлу

Ай мен күн Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен бірі асқан сұлумын деп, бірімен бірі үнемі ұрысып, жиі жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп: - Сенен мен сұлумын! – дейді. Ал Айсұлу болса: - Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын! – деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағының дағы Айсұлудың бетіне өшпестей болып тиеді. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал, бейбастықпен қатты ұятқа қалған Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне-бірі көрінбей, бірінен-бірі жасырынып, аулақтап жүреді екен.








1-мәтін

2-мәтін

Тақырыбы

Бірінші мәтіннің тақырыбы оқырман қауымын бірден елең еткізеді. Тақырыптың өзінен-ақ ғарыш туралы қызықты ақпарт айтылатынын аңғаруға болады. Сәтті таңдалған тақырып деуге келеді

Елең еткізетін тақырып деуге келмейді. Қарапайым және жиі қолданылатын тақырыптардың бірі екені аңғарылады. Мәтінге арқау болған кейіпкерлер жайында болатыны бірден белгілі

Құрылымы

Бірінші мәтін үзінді екені бірден байқалады, себебі мәтінде қорытынды бөлім кездеспейді

Ертегіге негізделген жинақы әңгіме. Кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерден тұрады

Мақсатты аудиториясы

Оқырман қауымға қызықты деректер мен ақпараттар ұсынуға бағытталған

Адамның қиялынан, фантазиясынан туған шығарма. Оқырманның әдебиет әлеміне деген қызығушылығын арттыруға негізделген.

Стильдік ерекшелігі

Публицистикалық стиль

Көркем әдеби стиль



Берілген екі мәтінді мұқият оқиды, мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, стильдік ерекшелігін салыстыра талдау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет