Сабақтың тақырыбы: Физика табиғат туралы ғылым Мұғалімнің аты-жөні: Күні: сынып: 7


Ломоносов Михаил Васильевич (1711–1765)



бет3/5
Дата07.09.2023
өлшемі303,5 Kb.
#106524
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
физика табиғат туралы ғалым

Ломоносов Михаил Васильевич (1711–1765) Орыс ғалымы, жаратылыстанушы, ақын, суретші, орыс білімін, ғылымын және экономикасын дамытуды жақтаушы. Архангельск губерниясының Холмогоры селосының маңындағы Денисовқа деревнясында шаруа жанұясында дүниеге келген. "Оқуға қызығуды” ол анасынан үйренген. Ол үшін "Білімдік қақпасы” — "Грамматика”, "Арифметика”, "үлең әліппесі”, болды. Ломоносов 19 жасында білім алу үшін Мєскеуге келіп, дворяндық лақап атпен Славян-грек-латын академиясына түседі. Ломоносов үздік оқушы ретінде білімін жалғастыру үшін Петербург ғылым академиясының жанындағы университетке жіберіледі. Одан кейін шетелге жіберіліп, онда ол химия, физика, металлургия салаларында білімін шыңдайды. Ол 34 жасында орыстың алғаш академиктері қатарына қосылды.
Ломоносовтың ғылыми жұмыстарының ауқымы кең. Ол физика, химия,  астрономия, география жєне филология салаларында көптеген іргелі еңбектер жасайды. Ломоносов зат құрылымының атом-молекулалық көрінісін дамытқан, материяның және қозғалыстың сақталу принциптерін тұжырымдаған, сондай-ақ физикалық химия негізін қалаушы ғалым.
Құбылыстарды, олардың Ұзара  байланыстарын ескеріп, талдай білген Ломоносов астрономия саласында да бірқатар маңызды қорытындылар жасап, ғылыми нєтижелер алады. Атмосферадағы электрлік құбылыстарды зерттей келе, Ломоносов полярлық түннің және кометалардың құйрықтарының жарығының табиғаты электрлік екендігін көрсетеді. Ломоносов объектінің кескінін көрсететін көлбеу айналы шашыратушы телескоп-рефлектор жасады. Ол алғаш болып Күн бетін буырқанған отты мұхит төрінде сипаттады. Ломоносовтың астрономиядағы негізгі жетістігі ретінде 1761 ж. 26 мамырында жасалған Шолпанның Күн денесінен Ұтуін бақылап Шолпан атмосферасын ашуын айтуға болады. Ломоносов оптика саласында да бірқатар ғылыми еңбектер жасады Ол  жарықтың толқындық теориясын, сол сияқты реңдер теориясын жасады, бірқатар оптикалық құралдар құрастырды, мысалы, телескоп-рефлектор. Осы құрал көмегімен ол 1761 ж. Шолпанның Күн дискісінен өтуін бақылап, осы планетада атмосфера бар екендігін анықтады.
Ломоносов Россияда ғылымды, мєдениетті, білімді дамыту  үшін көп қызмет атқарды. Оның бастамасымен 1755 ж. Мєскеу университеті ашылды. Қазір ол университет Ломоносов атына ие. Ломоносовтың "Ост-Индияға солтүстіктен Сібір мұхиты арқылы бару” шығармасының єсерімен 1764 ж. Сібірге экспедиция жасақталды. Ломоносов Ұмірінің соңында Стокгольм жєне Болония ғылым академияларының құрметті мүшесі болып сайланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет