12.2.1.4 – қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептеу
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар істей алады: Жылдамдық, орташа жылдамдық шамаларының физикалық мағынасын біледі, түсінеді.
Көптеген оқуышылар істей алады: Жылдамдықты өмірмен байланыстыра алады.
Кейбір оқушылар істей алады: Жылдамдықтың бірліктерін ХБЖ-ін меңгере отырып, есептер шығаруда қолдана алады
Бағалау критерийлері
-Жылдамдық туралы ұғымды біледі
-Жылдамдықтың өлшем бірліктерін ХБЖ-не келтіре алады.
-Қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептейді.
-Жылдамдық формуласын түрлендіре алады.
Құндылықтарға баулу
Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу. Экономикалық өсу – бұл біздің ең маңызды міндетіміз, өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру арқылы адам өзінің өмірінде түрлі жылдамдықпен іс-әрекет жасайды: жылдам немесе жәй қозғалады, техникаларды түрлі жылдамдықпен әрекетке келтіреді, жылжытады және т.б.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/
Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
10 минут
1. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың зейінін шоғырландыру, түгелдеу.
2. Атмосфералық орта қалыптастыру «Досыма ақ тілегім» әдісі бойынша бір-бірлеріне жақсы лебіздерін білдіреді.
3. Топқа бөлу "Мозаика" Оқушылар мозаика арқылы үш топқа топтастырылады және бағалау парақшалары беріледі. Мозаикада жылдамдық, орын ауыстыру, уақыт шамаларының таңбалары бір бетіне, екінші бетіне тақырыптың сөздері жазылады.