7.2.2.5 – Гук заңының формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар:
-оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін бекіту және тереңдету
Басым бөлігі:
-өз білімдерін топ алдында көрсетуге, жылдамдыққа тәрбиелеу;
Кейбір оқушылар:
-өмірден мысалдар келтіреді, өзге пәндермен тақырыпты байланыстырады
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Амандасу. Оқушыларды түгендеу.
Сәлеметсіздерме балалар! Біз бүгін өтілген тақырыптар бойынша қайталау сабағын өтеміз.
Сабақтың ортасы
-Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбын жазыныздар: «Қайталау»
-Бүгінгі сабақта Гук заңын тұжырымдап, оны есептер шығаруда қолданамыз. Теориялық материал
Оқулықты ашындар: Физика, 7 сынып Башарұлы Р. §18,19 80-бет Оқып, қысқаша конспект жазындар (1- тапсырма)
Robert Hooke- әйгiлi ағылшын жаратылыстанушысы, ағылшындық Уайт аралында Фремуотер деген жерде 1635 жылы дүниеге келдi. Орта мектептi бiтiргеннен кейiн Оксфорд Университетiне түседi. 1660 жылы әйгілі “Гук заңын” ашты.
Серпімділік күші деп дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күшті айтады. Бұл күш денелерді қысу, созу, майыстыру немесе бұрау кезінде пайда болады. Серпімділік күші әрқашан дененің пішіні мен өлшемдерінің өзгеруін тудырған күшке қарама-қарсы бағытталады.
Мысалы, серіппені қолымызбен қысып, одан кейін оны бос жібере салсақ, онда серіппеде туындайтын серпімділік күші оны бастапқы қалпына келтіреді.
Серпімді деформациялар кезінде денеде туындайтын серпімділік күші оның созылуына тура пропорционал:
|F| = kΔl, бұл формула Гук заңын өрнектейді, мұндағы Ғсерп— серпімділік күшінің модулі, k — қатаңдық немесе катаңдық коэффициенті, Δl =l - l0 — дене ұзындығының өзгеруі
Дененің серпімді деформациялануында пайда болатын күшті серпімділік күші деп атайды. Серпімділік күші денені құрайтын бөлшектердің электромагниттік өзара әсерлесуінен пайда болады
Денелердің күш әсерінен формасы мен көлемінің өзгеруі деформация (Deformation) деп аталады
Деформация себебі: атомдардың арақашықтығын өзгерткенде олардың арасындағы күштер де өзгеріске ұшырайды және ол күштер денені бастапқы қалпына әкеліуге тырысады.
1. Денеге күштіңәсер етуін тоқтатқаннан кейін ол дене бұрынғы қалпына қайтып келсе, ондай деформацияны серпімді деп атайды.
2. Денеге күштіңәсер етуін тоқтатқаннан кейін ол дене бұрынғы қалпына қайтып келмесе, ондай деформацияны серпімсіз деп атайды.