Сабақтың басы:
(2 мин)
(5 мин)
|
Оқушылармен сәлемдесу, ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды «Көршіңді тап» әдісімен 3 топқа бөледі
Әр топқа өздері зерттейтін металл атаулары беріледі:
«Натрий», «Қалайы» және «Мыс»
1-Тапсырма
Фотоэффект заңдары мен Эйнштейн теңдеуін
еске түсіру мақсатында Microsoft forms арқылы әр оқушыға электронды түрде 10 сұрақтан тұратын тест жіберіледі
|
«Көршіңді тап» әдісі бойынша әр металдың таңбасы, атомдық массасы, заряды, шығу жұмысының мәндері жазылған карточкалар арқылы бір-бірін тауып, 3 топқа бөлінеді.
Тест
тапсырмала
рын орындап, автоматты түрде тексерілген нүсқасымен қатемен жұмыс жасайды
|
платформада
10 баллдық жүйемен автоматты түрде бағаланады
|
Microsoft forms
платформасының сілтемесі
https://forms.office.com/Pages/ResponsePage.aspx?id=hrmCHVJZTUKa2cTDklwSmIIFx0BvbTdLqCBqixqISmhUQjNPUjg2TzFCMERORUVRNzJSTE5WT1MxUi4u
|
Сабақтың ортасы:
35 мин
|
Бағалау критерийлері:
Фотоэффект заңдары мен Эйнштейн теңдеуін пайдаланып есептер шығарады
Фототоктың және жиіліктің арасындағы тәуелділік графигіне талдау жасайды.
Осы критерийлерге негізделген тапсырмалар:
2-тапсырма
«Кім жылдам?» әдісі
Бойынша жүргізіледі
Фотоэффект құбылысына арналған Эйнштейн моделінің электрондық симуляторының сілтемесін жібереді .
Осы модель бойынша орындайтын тапсырмалар жиынтығын А4 парақпен таратып береді және нәтижелерді жүктеу үшін Padlet тақтасын ашады
Бағалау критерийі
3.Фотоэффект құбылысына негізделіп жасалған құрылғылардың тұрмыста қолданыс аясына мысалдар келтіреді
Осы критерийге негізделіп
3-тапсырма беріледі Видеожазба көрсетіледі
https://vk.com/video-114815250_456239026
«Еркін талқылау әдісі»
Фотоэффектінің қолданылуына арналған
фотореле құрылғысы жайлы сурет және әр топқа сапалық функционалдық тапсырмалар береді.
Оқушылардың еркін талқылауын қадағалай жүріп, дұрыс жауапқа бағыттайды
|
Сілтеме арқылы фотоэффект құбылысына арналған Эйнштейн моделінің симуляторын пайдаланып, қажетті зерттеулер жүргізеді, берілген тапсырмаларды орындайды, есептеулерді жүргізеді, графиктерді сызады және нәтижелерін Padlet тақтасына жүктеп отырады
Еркін талқылау әдісімен, тапсырманы топпен орындап, өз тұжырымдарын айтады
|
Padlet тақтасына қарап отырып, оқушылар бір- бірін жылдамдығына әрі нәтижесіне қарап бағалайды
Дескрипторлар: 1.электрондар санының жарық интенсивтілігіне тәуелділігін анықтайды Кернеуді өзгерте отырып, тоқтың өзгеріссіз шамасын табады Электрондардың тежелу мезетіндегі тежелу кернеуін анықтайды Шекті толқын ұзындық немесе жиілік арқылы қызыл шекараны көрсетеді
2. Шығу жұмысының формуласын жазады, Орнына мәндерді қойып, есептейді
3. Эйнштейн теңдеуінен электронның максимал жылдамдығы үшін формула жазады
Орнына мәндерді қойып, есептейді
4. Фотонның импульсінің формуласын жазады Орнына мәндерді қойып, есептейді
|