2 тапсырма Ордината осімен қиылысу нүктелері арқылы функцияның графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуін жазыңдар:у=2+4х-х².
Дескриптор -ордината осімен қиылысу нүктесінің абсциссасын табады.
-функцияның мәнін осы нүктеде есептейді
-туындының мәнін осы нүктеде есептейді
-осы мәндерді жанама теңдеуіне қояды.
3 тапсырма у=х³функциясының графигіне жүргізілген жанама у=4х-7 түзуіне параллель.Жанаманың теңдеуін жазыңдар.
Дескриптор -функцияның туындысын табады.
-туындыны түзүдің бүрыштық коэффициентіне теңестіреді.
-пайда болған теңдеудің түбірлері жанасу нүктесінің абсциссасы болады.
-функцияның мәнін осы нүктелерде табады.
-туындының мәнін осы нүктелерде табады
-жанаманың теңдеуіне осы мәндерді қояды.
4 тапсырма.
Функция графигіне тиісті емес А(2;-5) нүктесі арқылы өтетін у=х²-4х+3 функциясының графигіне жүргізілген жанамалардың теңдеулерін жазыңдар.
Дескриптор : 1.Функцияның туындысын табады.
2. х-тың орнына туындыға және функцияға хқояды.
3.Жанаманың теңдеуіне f(х) және f´( х)-ға тең өрнектерді қояды.
4.Ықшамдайды, х мәндерін табады.
5.Осы табылған нүктелерден өтетін жанамалардың теңдеулерін құрады.
ҚБ:Әр топтан оқушылар тақтаға шығып ,есептің шешуін көрсетеді,бағалайды.
Сергіту сәті «Пирамида» әдісі