9.2.1.24-кремнийдің қолданылу аймағын және оның жартылай өткізгіш ретінде қолданылуын түсіндіру
9.1.4.8 -кремний, оның диоксиді мен карбидіндегі химиялық байланыс түрін және кристалдық тор түрін сипаттау
9.2.1.25-кремний мен оның қосылыстарының негізгі химиялық қасиеттерін сипаттау және реакция теңдеулерін құрастыру
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін:
Кремнийдің қолданылу аймағын және оның жартылай өткізгіштігін анықтайды
Көпшілік оқушылар үшін:
Кремний, оның диоксиді мен карбидіндегі химиялық байланыс түрін анықтайды
Кейбір оқушылар үшін:
Кремний мен оның қосылыстарының негізгі химиялық қасиеттерін сипаттайды
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.