С деңгейдегі оқушыға климатты қалыптастырушы факторлардың астын сызу;
В деңгейдегі оқушыға климатты қалыптастырушы факторлардың астын сызу және берілген терминдерге анықтама жазу.
А деңгейдегі оқушыға климатты қалыптастырушы факторлардың астын сызу және карта бойынша қосымша ақпараттармен толықтыру (дәптерге орындау);
Ең құрғақ материк: Аустралия, оңтүстік тропик шеңбері кесіп өтеді және материк батыстан шығысқа қарай енді болуынан, яғни географиялық орнына байланысты.
Ең ыстық материк: Африка, себебі материктің дәл ортасы арқылы экваторлық белдеу өтеді және екі тропиктік белдеу кесіп өтеді. Күннің сәулесі тігінен және өте мол түседі.
Ең ылғалды материк: Оңтүстік Америка, себебі оған экваторлық, тропиктік және қоңыржай ауа массалары басым ықпал етеді.
Ең суық материк Антарктида, себебі полярлық белдеуде орналасқан.
; Топпен жұмыс.Картаны қолданып, кестені толтырады және қосымша ақпаратты беруге болады (қосымша 1)
Галерия әдісі. Оқушылар парақтарын сынып бұрыштарына іліп, аралап жүріп дескриптор бойынша балл қою арқылы топтар өзара бір-бірін бағалайды.
Топпен жұмыс«Ойлан, жұптас,бөліс»стратегиясы
1.Климаттық картадан зкваторлық белдеудің географиялық орнын анықтап,таралу аймақтарына сипаттама беріңіз;
2 .Карта бойынша екі материкті салыстыра отырып: а/климаттық белдеулердегі айырмашылықтарды анықтап жазыңыз:----------------------------------------------- б/Әртүрлі климаттық белдеулерде өзіндік ерекшеліктердің қалыптасу себебін түсіндіріңіз:-------------------------------------