Сабақтың тақырыбы География ғылымының салалары


-тақырып. Табиғатты пайдаланудың экономикалық көрсеткіштері



бет143/196
Дата14.09.2023
өлшемі32,62 Mb.
#107081
түріСабақ
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   196
Байланысты:
8 сынып КМЖ новый формат (4)

2-тақырып. Табиғатты пайдаланудың экономикалық көрсеткіштері.
Дәріс жоспары:
1. Экономикалық игіліктер және табиғи орта
2.Экономикалық көрсеткіштерді анықтау әдістері.
Табиғат пайдалану экономикасында жалпы және арнайы экономикалық көрсеткіштер қолданылады. Олардың негізгілері табиғатты қорғауға және пайдалану жұмсалатын бір мезгілдік және ағымдағы шығындар, өндіріс шығындары мен тиімдері, абсолютті және дифференциалды рента, қоғамдық қажетті ең жоғарғы (шеткі) щығындар, табыс, пайда, дисконтталған таза табыс, өнімнің (қызметтің) өзіндік құны, бағасы және пайдасы ресурсты қалпына келтіру құны, балама құндылықтар, табиғи ортаға, адамдардың денсаулығына, шаруашылық салаларына келтірілген экономикалық, экологиялық және әлеуметтік зияндар, оларды болдырмауға, алдын ала алуға жұмсалатын шығындар, өндірісті экологиялау шығындары, экстерналийлер, табиғат қорғау шараларының экономикалық тиімділігі, т.б.
Экономикалық көрсеткіштерді анықтау әдістері.
Инвестиция (күрделі қаржы) – негізгі капиталға және қорларды арттыруға жұмсалатын ақшалай шығындар. Табиғат ресурстарын игеруге, өндіруге, өңдеуге табиғат қорғауға қажетті негізгі қорды құруға жұмсалатын негізгі шығындар. Оған ғылыми зерттеу барлау, жобалау шығындары да қосылады.
Экономикалық бағалаудың алғашқы сатыларында ол үлестік шығындар, нормалар немесе осы тектес құрылыстар бойынша анықталады. Нақты кәсіп орын жағдайында, нақты бағалауды смета бойынша анықталады. Сонымен қатар, бағаның өзгерісі, жергілікті климаттық жағдайлар, т.б. арнайы анықталған коэффициенттермен есептеледі.
Күрделі қаржы құрылыстың барлық шамасына немесе өнімнің бір өлшеміне есептеледі.
Ағымдағы шығындар – тауар өндіруге, қызмет көрсетуге, табиғат қорғауға қажетті күнделікті шығындар.
Келтірілген шығындар – күрделі және ағымдағы шығындардың бір мезгілге (өлшемге) келтірілген шамасы.
Күрделі қаржы (шығындар) бір мезгілдік шығындар өндіріске қажетті негізгі қорды құруға жұмсалады, ал қор ұзақ мерзімде – тозғанша жұмыс істейді. Ағымдағы шығындар өнімнің, жұмыстың шамасына байланысты қайталанып отырады. Сондықтан оларды тікелей тура қосуға болмайды. Ол үшін ерекше тәсіл – келтіру коэффициенті Ен қолданылады.
Коэффициенттің шамасы негізгі қордың қызметі істейтін мерзіміне байланысты. өндірісте әртүрлі мерзімде қызмет істейтін негізгі қорлар құрылады. Сондықтан келтірілген шығындар есептелгенде орташа салалық немес шартты келтіру коэффициенттері қолданылады. Мысалы, негізгі қор орташа 6,25 жыл қызмет ететін болса, келтіру коэффициенті  = , 8 жыл қызмет ететін болса,  , 10 жылда - т.с.с. Жалпы шартты келтіру коэффициенті  қоданылады, көпшілігінде  немесе  . Қолданылатын келтіру коэффициентінің шамасы негізгі қорды жаңарту саясатына да байланысты.
Келтірілген шығындарды анықтау формуласы:
S = U + Eн K,
Мұнда: S – Келтірілген шығын;
U – Ағымдағы бір жылдық шығындар;
K – Күрделі қаржы (өндіріске қажетті);
Eн – Келтіру коэффициентінің нормалы шамасы.
Өнімнің (қызметтің) бір өлшеміне келтірілген шығындар:
Sүл = C + Eн Kүл,
Мұнда: Sүл – өнімнің бір өлшеміне келтірілген шығын;
С – өнімнің өзіндік құны (амортизация, есептелген);
Kүл – өнімнің бір өлшеміне есептелген үлестік күрделі қаржы.
Келтірілген шығындарды уақыт бойынша бір мезгілге (салыстыруға) келтіру үшін уақыт факторы ескеріледі (арнайы әдіспен).
Шеткі шығындар – біраз уақытқа (жағдайға) белгіленген нақты өнімді өндіруге (қызмет көрсетуге) жол берілетін қоғамдық қажетті шығындар шегі. Шеткі шығын орташа салалық шығындармен емес, нақты мерзімде, нақты өніммен (қызметпен) халықшаруашылық қажеттілігін өтеуге керекті ең ең жоғарғы шығынмен анықталады.
Дербес шығын – жеке табиғат пайдаланушылық нақты өнім өндіруге (қызмет көрсетуге) жұмсалатын табиғат пайдалану (қорғау) шығындары.
Дифференциалдық рента – сапасы жақсы және орналасуы қолайлы табиғат ресурстарын (жағдайын) пайдаланғанда алынатын қосымша табыс, пайда. Рента нақты табиғат ресурсын пайдаланғанда алынатын олжа шамасын көрсетеді және осы ресурсты экономикалық бағалау негізі болады.
Дифференциалдық рента шамасын бірнеше тәсілмен анықтауға болады:
– белгіленген шеткі шығын мен дербес шығынды салыстырып:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет