Басы
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Оқушылармен амандасып бүгінгі сабаққа назарларын аудару.
«Есіл ағады» өзенінің әуені қойылады. Тыңдап болған соң бұл әуенмен бүгінгі сабақтың қандай байланысы бар екені сұралады.
Оқушылардан бұл әуенді тыңдай отырып, сабақтың тақырыбын анықтайды.
Сұрақ-жауап
1.Жердің сыртын неше қабық қоршап тұр?
2.Гидросфера жердің қандай қабығы?
3.Гидросфераның құрамына қандай сулар кіреді?
4.Гидросфераның ең көп бөлігін қандай сулар алып жатыр?
5.Неше мұхит бар?
Олай болса, бүгін біз сабақта қандай мақсаттарды
қарастыра аламыз?
Мұғалім оқушылардың жауаптарын нақтылайды.
|
Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды
|
Қалыптастырушы бағалау
Кері байланыс
|
«Есіл ағады» әуені
http://shelmedia.ru/
multimedia/konvertery/page/2/
|
Ортасы
|
Жаңа сабаққа кіру. Оқушылар алдын ала берілген қозғалыс парағы арқылы топқа топталады.
Топтық жұмыс:Қалыптастырушы жұмыс
Тапсырма:
Оқушыларға құрлық сулары мен шаруашылық түрлерінің тізбегі беріледі. Бір құрлық суын шаруашылықта(бір шаруашылық түрін таңдаңыздар) қалай пайдаланылатынын «Оқиғалар тізбегі» кестесі арқылы түсіндіріп жазулары қажет.
Бұл тапсырмада оқушылар құрлық суларының негізгі түрлерінің (өзен, көл, батпақ, мәңгі тоң, мұз жамылғысы, жер асты сулары), практикалық маңыздылығын түсінеді.
|