Басы
|
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Психологиялық ахуал қалыптастыру;
«Алтын балық» әдісі арқылы сұрақтар қойып, қайталау жүргізу.
Дескриптор
Білімдерін қайталайды;
Шешім қабылдайды;
Жылдамдықтыүйренеді;
«Сен білесің бе?» айдары арқылы сабақтың тақырыбын ашуға түрткі болу;
Қалай ойлайсындар бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
Сабақтың тақырыбы: «Су ресурстарының маңызы»
|
Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды
|
Қалыптастырушы бағалау
Кері байланыс
|
Ұялы телефон
Және интернет желілері
Кітап
|
Ортасы
|
Ой қозғау.
Оқушылардың сыни ойлау дағдысын қалыптастыру, мақсатында Диаграммаға су ресурстарының атын пайыздық құрамына сәйкес жазып шығындар.
Түрткі сұрақтар қою.
Дүние жүзілік мұхиттың үлесі қандай?
Тұщы су үлесі қандай?
Тұщы судың құрлық суларындағы ара салмағы қалай таралған?
Оқушылар пікірі тыңдалады, олар өз ойларын ортаға салып, соңында ортақ бір қорытындыға келеді. Су ресурстарының пайыздық құрамына сәйкес жазылады.
Кері байланыс: « МАҚҰЛДАУ, ҚОЛДАУ» арқылы оқушылардың пікірін бағалау.
Топтық жұмыс: «Еркін талқылау» әдісі
Орындалу алгоритмі:
Мәтінмен оқушылар толықтай танысады.
Алдымен мәтінді оқиды, жұптасып талқылайды, топта бөліседі, постер арқылы қорғайды.
«Өзен»тобы: «Су - баға жетпес «қазына». (ой пікір)
«Көл»тобы: « Шаруашылықта суды пайдалану»( кесте түрінде)
«Мұздық»тобы: Дүниежүзінің саяси картасы мен өзен ағыны картасын (99 сурет) пайдаланып,дүниежүзінің қай мемлекеттерінің өзендерге бай,ол қай елдердің кедей екендігін анықтаңдар. Қорытынды жасаңдар.
Өзенге бай елдер:
|
Өзенге кедей елдер:
|
|
|
Кері байланыс бутерброды:
2. Жеке жұмыс.
Географиялық есеп:
Берілгені: Сыздықтап аққан су құбырына 20 гр стаканды тосып, оның 1 минутта толатынын көреміз. 1 сағатта, 1 тәулікте қанша су ағады. Қанша су канализацияға кетіп, лас суға араласады.
Шешуі: 1 мин – 20 гр
60 мин * 20 гр = 1200 гр /1л/ 200 гр
24 сағ * 1,2 = 28,8 литр
Кері байланыс « Дайын жауап үлгі» арқылы өзін – өзі тексеру.
3. «Африкадан хат».
(Слайдта бір тамшы су суреті)
Қысқаша мазмұны: Африка елінің оқушылары елдерінің ауыз суға тапшылығы,өз қиналыстары жайлы айтып, мәселені шешуге атсалысуларын сұраған.Африкалық балаларға көмекке өз пікірлеріңді ұсыныңдар.
ҚБ: « Екі жұлдыз , бір ұсыныс»
Тапсырма
1.Суреттер бойынша су ресурстарының қолдану мақсатын әңгімелеп беріңіз.
Дескриптор
− су ресурстарының қолдану аясын сипаттайды;
− күнделікті өмірде қолданылуын әңгімелейді;
− экономика салаларында қолдануын әңгімелейді;
− маңыздылығын дұрыс қорытындылайды
4. Жеке жұмыс
Өз отбасыларың тәулігіне қанша литр су жұмсайтынын есептеңдер. Қорытынды жасаңдар.
№
|
Су шығыны:
|
Су тұтыну,литр:
|
1.
|
Ас дайындау үшін.
|
|
2.
|
Ыдыс жуу үшін:
-күніне неше рет ыдыс жуасыздар?
|
|
3.
|
Отбасының бір мүшесінің жеке гигиенасы үшін.
|
|
4.
|
Кір жуу үшін (кір жуатын мәшина қанша литр су жұмсайды?).
|
|
5.
|
Үй жинау үшін.
|
|
6.
|
Унитазды шаю үшін (бөшкеде қанша литр күніне неше рет шайылады).
|
|
7.
|
Отбасының басқа да ықтимал шығындары.
|
|
8.
|
Барлығы тәулігіне.
|
|
9.
|
Барлығы жылына.
|
|
Критерий
|
Дескриптор
|
Су ресурстарының маңыздылығын біледі.
|
Су ресурстарының маңыздылығын білді.
|
Тәулік, жыл көлемінде суды үнемдеу керек екенін түсінеді.
|
Тәулік, жыл көлемінде кететін су шығынын есептейді.
|
|
Арнайы ресурстар арқылы жаңа тақырыпты талдайды
Жұп бойынша
Жеке, өзара тақырыпты түсінгендерін мұғалімге қол көтеру арқылы білдіреді
Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды
Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі
Слайдта берілген сұрақ жауапты орындайды
Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады
|
|